«Экожүйе және құқық» пәнінен практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2021 Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі коммерциялық



бет31/32
Дата20.09.2023
өлшемі225,67 Kb.
#181684
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Экож. ПСАӘН

Өсімдіктер ауруы – бұл фитопатогеннің әсерінен немесе қоршаған ортаның жағымсыз жағдайынан болатын ағзалар торларының және барлық өсімдіктің құрамында зат алмасуының бұзылуы нәтижесінде өнімділігі төмендетіледі немесе мүлдем өліп қалуына келтіреді.
Фитопатоген - өсімдіктердің заттар алмасуына кері әсер көрсететін биологиялық активті заттарды бөлетін ауруының қоздырғышы, ол тамыр жүйесін зақымдап, қоректік заттардың берілуін бұзады.
Өсімдіктердің ауру масштабтарын бағалау үшін эпифитотия және панфитотия деген түсініктемелерді қолданады.
Эпифитотия (эпи... және грек. phyton – өсімдік) – өсімдіктегі жұқпалы аурулардың белгілі бір мерзім мен үлкен аймақта кең таралуы. Астық таты мен қаракүйесі, картоп фитофторозы, жүзім мильдасы, алманың таз ауруы, мақта солмасы, қант қызылшасының тамыр жегісі мен церкоспорозы, т.б. -эпифитотия түрінде пайда болатын инфекциялы аурулар. Эпифитотия әдетте көктемде немесе жаз басында байқалады. Эпифитотия ауру қоздыратын организм санының көбеюі нәтижесінде індеттің таралу ареалы мен өсімдіктердің індетке шалдығу мөлшері күрт көбейетін динамикалық үрдіс.
Панфитотия – бірнеше мемлекетті немесе құрлықтарды басып алған жаппай аурулар.
Өсімдіктің фитопатогенді қабылдағыштығы – бұл талшықтардағы фитапотогеннің таралу мен қабынуға қарсы тұра алмауы. Қабылдағыштық өсімдіктердің аудандастырылған сорттарының тұрақтылығына, ауру жұғу уақыты мен ауарайына тәуелді. Сорттардың тұрақтылығына байланысты латогонның ауру (қабыну) мүмкіндігі, саңырауқұлақтың жемістілігі, қоздырғыштың даму жылдамдығы және аурудың зияндылығы өзгереді.
Өте қауіпті ауруларға бидай мен арпаның сабақты сызықты тозаңдануы, бидайдың сарғыш тозаңдануы және картоптың фитофторазы жатады.
Бидай мен арпаның сызықты тозаңдануы – бұл өсімдіктердің бір жылдық кең тараған зияндылығы жоғары ауруы. Сабақты тозаңдану көп жағдайда, сабақтың және жапырақтың қынабын жарақаттандырады. Тозаңдағыш аурулардың тез таралуы қоздырғыштың жоғар өнімділігімен белгіленеді. Аурудың дамуының ең қауіпті ошақтары Кубань және Ставрополье болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет