Электромагниттік өріс – электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуіне жағдай туындататын материяның айрықша формасы.
Электрлік өрісті кеңістікте электрлік зарядтар мен зарядталған бөлшектер туғызады.
Магниттік өрісті өткізгіш арқылы қозғалысқа түсетін электр зарядтары туғызады.
Электромагниттік өрістің негізгі көздері: - Электр өткізгіш желілер; - Тұрмыстық электр жабдықтары; - Жеке компьютер; - Теле-, радиобайланыс станциялары; - Жерсеріктік және ұялы байланыс; - Радарлы құрылғылар.