ИОНДАУШЫ ЕМЕС СӘУЛЕ ШЫҒАРУЛАР Иондаушы емес сәуле шығару дегеніміз – электромагниттік өрістің кеңістіктегі күй өзгерісі немесе электрлік және магинттік өрістердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі.
Жіктелуі: Электромагниттік сәуле шығарулар;
Тұрақты және ауыспалы магниттік өрістер;
Өндірістік жиілікті электромагнитті көрістер;
Электростатикалық өрістер;
Лазерлік сәуле шығару.
Электромагниттік өріс – электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуіне жағдай туындататын материяның айрықша формасы.
Электрлік өрісті кеңістікте электрлік зарядтар мен зарядталған бөлшектер туғызады.
Магниттік өрісті өткізгіш арқылы қозғалысқа түсетін электр зарядтары туғызады.
Электромагниттік өрістің негізгі көздері: - Электр өткізгіш желілер; - Тұрмыстық электр жабдықтары; - Жеке компьютер; - Теле-, радиобайланыс станциялары; - Жерсеріктік және ұялы байланыс; - Радарлы құрылғылар.