Экология және өмір қауіпсіздігі


Топырақты ластанудан, тұзданудан және батпақтанудан қорғау



Pdf көрінісі
бет31/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
 
Топырақты ластанудан, тұзданудан және батпақтанудан қорғау 
Топырақ құнарлылығын сақтаудың негiзгi шараларының бiрi оны химиялық 
заттармен уланудан қорғау болып табылады. Халық шаруашылығының барлық 
салаларының химизациялануы топырақтың химиялық қоспалармен ластану көлемін 
арттырады. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды дұрыс таңдамау топырақтың 
қышқылдылығының немесе сiлтiлiгiнiң артып кетуiне әкеледi. Әсiресе климаты құрғақ 
аудандардың топырағы сiлтiленуге бейiм, сондықтан мұндай топырақтарға ортаны 
қышқылдандыратын суперфосфат, аммоний сульфаты сияқты тыңайтқыштарды 
пайдаланған жөн. Ал қышқылдылығы басым топырақ үшiн керiсiнше ортаны 
сiлтiлендiретiн таңайтқыштарды – натрий және калий селитрасын, т.б. пайдаланған 
орынды. 
Топырақтың қасиетiне, құнарлылығына пестицидтердiң де керi әсерi көп 
(гербицидтер, инсектицидтер). Олар егiстiктердi әртүрлi аурудан, арам шөптерден, 
зиянкестерден қорғауда маңызды роль атқарса да, топырақтағы микроорганизмдердің
жәндiктердiң өмiрiне айтарлықтай зиянды әсерi болады. Пестицидтердiң қалдықтары мен 
ыдыраған өнiмдерi су, тағам арқылы адам ағзасына түсiп зиянын тигiзедi. 
Топырақты 
ластаушы 
заттардың 
қатарына 
металлургия 
зауыттарынан, 
автомашиналардан бөлiнген зиянды қалдықтар, шахталардан бөлiнген күкiрттi қышқыл 
сулар, мұнай өндiрiсiнiң қалдық өнiмдерi, құрылыс материалдарын жасайтын өндiрiстердiң 
шаңдары жатады. Әсiресе металлургия және химия өндiрiстерiнiң айналасындағы топырақ
қалдық заттармен интенсивтi ластанады. Топырақта мышьяк, сынап, фтор, қорғасын, мыс, 
мырыш, кадмий, т.б. элементтер жиналады. Топырақ металл шаңдарымен, мышьяк, 
суперфосфат немесе күкiрт қышқылымен әрекеттессе өсiмдiктердiң тамыр жүйесiн 
уландырып өсуiн тоқтатады. Өндiрiс процесiнiң технологиясы қоршаған ортаға зиянды 
қалдықтар бөлмейтiндей, ортаны ластамайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы керек. 1944-
1945 жылдардан бастап табиғи объектiлер радиоактивтi заттармен ластана бастады. 
Топырақтың тұздануы бiрiншiден, жоспарсыз көп суаруға және жер асты суларының 
қорына байланысты. Жер бетiне жақын жатқан минералды жер асты сулары топырақ 
капиллярлары арқылы көтерiлiп буланып, тұзы топырақта қалып қояды. Атап айтсақ, 
натрий мен магнийдiң карбонаттары мен сульфаттары. Екiншiден, егiстiктi шамадан тыс 
көп суарғанда жер асты сулары көтерiледi. 
Топырақтың батпақтануы да су режимiне байланысты, яғни топырақ ұзақ уақыт 
ылғалданып жатуынан пайда болады. Мұндай жағдайлар әсiресе су қоймаларына жақын 


38 
жерлерде байқалады. Ылғалды жерлердегi орман алқабын түгел кесуден де топырақ 
батпақтанады. 
Батпақтанумен күресу үшiн су режимiн реттеп, мелиорация жұмыстарын дұрыс 
жүргiзу керек. Батпақтанған жерлердi немесе табиғи батпақтарды құрғатқан соң ол жердiң 
топырағына егiлген дәндi дақылдардан (бидай, жүгерi), көкөнiс өнiмдерiнен көп өнiм алуға 
болады. Бiрақ құрғату кезiнде жер асты сулары 1,5 метрден төмен түсiп кетпеуi керек, ондай 
жағдайда шымтезек тез тотығып, жер астынан ылғалдану нашар жүредi, топырақтың 
құнарлылығы төмендеп кетедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет