Экология және өмір қауіпсіздігі


Топырақ эрозиясы және одан қорғау



Pdf көрінісі
бет30/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
 
Топырақ эрозиясы және одан қорғау 
Топырақ - табиғат пен қоғам байлығының материалды негiзi. Ол тiрi ағзалардың тау 
жыныстарымен әрекеттесуi нәтижесiнде түзiлген. Планетадағы құрылық Жер шарының 
29,2% алады. Топырақ құрылықтың беткi қабатындағы тiрi ағзалар мен климаттық 
факторлардың әсерiмен пайда болған. 
Литосфера, гидросфера және атмосфера арасында жүретiн зат және энергия 
алмасуында, барлық тiрi ағзалардың арасындағы айналымда топырақтың ролi үлкен. 
Топырақтың “тыныс алуы”, температуралық режимi мен ылғалдылығы атмосфераның 
төменгi қабатының (тропосфераның) құрамы мен қасиетiне әсер етедi. 
Топырақ – тiрi ағзалардың тiршiлiк ортасы бола отырып, биосферадағы маңызды 
функцияларды орындайды. Топырақ – қатты, сұйық және газ тәрiздi заттардан тұратын 
күрделi табиғи жүйе. Оның құрамында органикалық және минералды қоспалар болады. 
Адамзат үшiн топырақтың маңызды қасиетi болып – оның құнарлылығы мен 
биологиялық өнiмдiлiгi есептеледi. Бұл қасиетi ауыл-шаруашылығында пайдаланылып, 
адамға қажеттi қоректiң 98-99% өндiрiледi, оның iшiнде 85-87% белокты өнiмдер. Сонымен 
қатар, топырақ барлық өсiмдiк тектi азықты пайдаланатын жануарларды қоректендiредi. 
Планетада өңдеуге жарамды жердiң ауданы 3200 млн га, оның жартысы ауыл шаруашылық 
жұмыстарына пайдаланылады. 
Топырақ сыртқы ортамен үнемi тығыз қарым-қатынаста болады. Күн сәулесiн 
сiңiредi, құрамындағы әртүрлi микроорганизмдер мен өсiмдiктердiң тiршiлiк етуiне 
қолайлы орта болып табылады. Топырақтың табиғаттың басқа бөлiктерiнен ерекше ғажап 
қасиетi бар, ол көптеген микроорганизмдердiң қатысуымен өздiгiнен тазаланып, қалпына 
келе алады. Сонымен бiрге, органикалық заттардың ыдырауынан қарашiрiк жасалып 
топырақ тыңаяды, жаңа қабат түзіледі. Топырақтың түзілуі көп уақытқа созылатын күрделi 
процесс. Топырақтану ғалымдарының есебi бойынша 2,5 см топырақ қабаты түзiлу үшiн 
100 жыл, ал қалыпты температурада 90 см қабат жасалу үшiн 15-16 мың жыл қажет. 
Топырақтың құнарлы қабатының қалпына келуiне ыстық пен аяздың кедергiсi көп. 
Мысалы, Сiбiрдiң салқын жерлерiнде топырақ қабаты баяу жасалынатындықтан жер 
қыртысынан бұзылмаған мамонттардың қалдығы табылуда. 
Жер бетiндегi халықтың iс-әрекетiнен жер бедерi өзгерiп, ол топырақ сапасына керi 
әсер етуде. Осыған байланысты топырақ қорғау мәселесi туып отыр. Жер бетiнде құнарлы 
топырақтың көлемi жылдан-жылға азаюда. Осылайша жердiң барлығы айдалып, жыл сайын 
жаңа өндiрiстер, жолдар, аэродромдар, су қоймалары т.б. салынып көп көлемдi құнарлы 
жерлердi иемденуде. Көп жерлерде топырақ улы химикаттармен және өндiрiс 
қалдықтарымен ластанып жатқанын терiске шығара алмаймыз. 
Жер бетiнiң мәңгi мұздықтар, бархан, жартас басқан бөлiгiнен басқасын топырақ 
жауып жатыр. Барлық құрылықтың ауданы шамамен 14800 млн га. Оның iшiнде 4060 млн 
га (28%) орман алып жатыр, 2600 млн га (17%) шалғындық пен жайылым, 1,450 млн га 
(10%) өңделетiн жер, 6,690 млн га (45%) шөл, шөлейт, мұздықтар, өндiрiс орындары, 
тұрғын үйлер, яғни құнарлы топырақсыз аудандар алып жатыр. 


36 

Эрозия
” деген термин латынның “erosia” – үгiтiлу, бүлiну деген сөзiнен алынған. 
Топырақ эрозиясы
– топырақ қабатының әртүрлi факторлардың әсерiнен үгiтiлiп бүлiнуi. 
Топырақ эрозиясы табиғи және жасанды күштердiң әсерiнен пайда болады. Табиғи 
эрозия табиғи күштердiң (судың, желдiң) әсерiнен болады. Мұнда топырақтың бүлiну, 
үгiтiлу жылдамдығы оның пайда болу жылдамдығымен бiрдей жүредi. Бұл қалыпты 
геологиялық процесс. 
Табиғатта табиғи геологиялық эрозиямен қатар жасанды эрозия жүредi. Эрозияның 
бұл түрi адам әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болады, әрi оның үгiтiлу жылдамдығы пайда 
болу жылдамдығынан 100-1000 есеге дейiн жоғары. 
Топырақтың беткi құнарлы қабатын 
гумус
деп атайды. Топырақтың көптеген 
түрлерiнде оның қалыңдығы шамамен 20-25 см. Гумус қабаты түзiлу үшiн 2-7 мың жыл 
уақыт қажет. Ал жылдам жүретiн жасанды эрозияның әсерiнен гумус қабаты небары 20-30 
жыл iшiнде бүлiнiп бiтедi. Ал кейбiр жағдайларда бiр ғана күштi дауылдың немесе үлкен 
тасқынның әсерiнен жуылып кетуi мүмкiн. Құнарлы топырақ бүлiнген соң ондай жерлер 
жарамсыз болып қалады, өсiмдiк өспейдi, егiстiкке жарамайды. Топырақ – дұрыс 
эксплуатация жасаса өз қасиетiн жоймай дұрыс сақталатын, құнарлылығы арта түсетiн 
табиғи ресурс. 
Жасанды эрозия мынадай себептерден пайда болады: орман алқабын жоспарсыз
бақылаусыз кесуден, жайылымдарда ұзақ уақыт мал табындарын жаюдан, көлбеу 
жазықтықтарды дұрыс жыртпаудан, жер өңдеу әдiстерiн дұрыс меңгермегендіктен. 
Орман топырақты эрозиядан сақтайтын негiзгi қорғаныш. Жоғарғы белдеудегi iрi 
ағаштар күштi тамыр жүйесi арқылы және төменгi белдеудегi шөптесiн өсiмдiктер мен 
бұталар өздерiнiң тарамдалған ұсақ тамырлары арқылы топырақты ұстап тұратын тор 
түзедi. Олар жауын, қар суларын ағып кетуiне кедергi жасап, топыраққа сiңуiне мүмкiндiк 
жасайды. Осылайша жер асты суларының қоры байытылып, топырақ ылғалдылығы 
қалыпты мөлшерде сақталады. Кейбiр есептеулерге қарағанда массасы 1 кг болатын 1 м
3
құрғақ мүктiң массасы күштi жауындардан соң 5 кг артады. Сонда 10 мың га орманға
500000 м
3
су қоры сақталады екен. Орман кесiлген соң топырақ қорғанышынан 
айырылады, су өзiмен бiрге топырақтың түйiрлерiн, яғни беткi қабатын жуып кетедi. 
Нәтижесiнде топырақтың ылғалдылығы кемидi, жер асты сулары тартылады. Күн 
сәулесiнiң әсерiнен топырақтағы судың булану мөлшерi артады. Орманмен салыстырғанда
ашық алаңдарда топырақтағы судың булануы 3 есе жылдам жүредi.Күн сәулесiнiң әсерiнен 
қорғансыз қалған топырақ қатты қызып, микроорганизмдер және гумус қабатын түзуге 
қатысатын өсiмдiктер мен жә ндiктердiң өмiрiне қауiп төнедi. 
Топырақты мекендейтiн ағзалар, мысалы құрттар, насекомдар, балдырлар, 
саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақтың химиялық құрамын түзуде маңызды роль 
атқарады. Орман ауданының қысқаруы сол жердiң климатына көп өзгерiс енгiзедi. 
Топырақ эрозиясын өз кезегiнде желдiң, судың және техниканың әсерiнен болатын 
эрозиялар деп бөледi. Топырағы бос қалған еңiстеу жерлер, қыратты жерлер жаңбыр-қар 
суларының әсерінен жиі эрозияға ұшырайды. Беткейлерді тігінен төмен қарай жырту, 
тыңайтқыш бермей бiр дақылды бiрнеше жыл бойы егу де топырақтың эрозиясын 
күшейтедi. 
Су эрозиясымен күресу үшiн, көлбеулiгi 2
0
-қа жететiн беткейлердi көлденең жырту 
керек. Ал көлбеулiгi 2
0
-тан асатын жерлердi көлденең жырту көмектеспейдi, ол үшiн 


37 
қатарларды реттеп түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Сонда көлденең қатарлар 
суға тосқауыл бола алады. 
Жыл сайын жер шары 6-7 млн га құнарлы топырағынан айырылады. Қазақстанның 
жер көлемi өте үлкен, көп бөлiгiн шөлейттi аймақтар алып жатыр. Ол аймақтарда халық 
негiзiнен 
мал 
шаруашылығымен 
айналысады, 
мал 
табындарының 
әсерiнен 
жайылымдардың шөбi жойылып, топырақ жел эрозиясына ұшырайды. Ылғалы аз, өсiмдiк 
тамыры жерге бекiп үлгермеген жерлердiң топырағы күштi жел ұшырып кетедi. Мұндай 
жағдайлар Қазақстанның солтүстiгiнде, Украинада, Кавказда, Ресейде Волга өзенiнiң 
жағалауларында жиi болып тұрады. Көтерiлген топырақ шаң түрiнде мыңдаған км-ге дейiн 
жетедi. Күштi дауылдар кейде 7-10 см-ге дейiнгi құнарлы топырақ қабатын ұшырып кетедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет