51
6). Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын
арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7). Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және
азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау
және әзірлікте ұстау;
8). Халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен
денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі
туралы хабарлау;
9). Іздеу – құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап
шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтадан эвакуациялауды
ұйымдастыру;
10). Азық-түлікті, су көздерін,
тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және
өсімдіктерді радиоактивті, химиялық,
бактериологиялық уланудан, мал және өсімдік
індеттерінен қорғау.
Азаматтық қорғаныстың аталған міндеттерін қоса алғанда кейбір іс-шараларды
(мысалы, қорғаныс ғимараттарын салу), төтенше жағдайлар туралы халықты уақтылы
құлақтандыру, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін халыққа үйрету және тағы
басқаларын алдын ала орындамау салдарынан қорғау және көмек көрсету толықсыз
болатыны анық. Шын мәнісінде азаматтық қорғаныс бүкіл халықтық болғандықтан қорғану
іс- шараларын өткізуге барлық ел халқы қатысуы тиіс. Қауіпті аймақтарда
дұрыс жұмыс
істеуді, қазіргі қарулардан қорғануды, өзін- өзі қорғауды және зардап шеккендерге көмек
көрсетуді барлық халық білуі міндетті. Мұның барлығы азаматтық қорғаныстың іс-
шараларын жүргізуде барлық халықтың міндетті түрде қатысуын, жауапты органдардың
үкімдерін ескертусіз орындауын,
тәртіпті, ұйымшылдықты көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: