56
мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды
борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының өзгеруін ауа-райының
құбылыстары деп атайды. Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып
жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге
өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық
құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін
жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, электр, су,
жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы
борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес – ондаған километр. Жаз күндері
дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп
болатыны түсінікті.
Су тасқындарының түрлері
Жергілікті аумақты топан су басуы көбіне өзендердің, теңіздердің деңгейі
көтерілуден, су қоймаларының бөгеттері немесе тау көлдердің бөгеулері шайылып кетуден
болып жатады. Бұл оқиғалардың себептеріне көл-көсір, жауын-шашындар, қардың үсті-
үстіне еруі, сең кептелуі, өкпек желдің әрекеті, мұхит табанында болатын жер сілкіну,
кейбір теңіздер деңгейі (мысалы Каспий теңізі) белгілі бір замандарда оқта-текте өздігінен
көтерілу құбылыстары жатады.
Су тасқындардың тікелей келтіретін нұқсанына тұрғын үйлер мен өндіріс
ғимараттардың бүлінуін, автомобиль және темір жолдардың жарамдылықтан, электр және
байланыс жүйелерінің істен шығуын, мал және ауыл-шаруашылық өсімдіктердің
жойылуын, шикізат, отын, азық-түлік, жем-шөп, тыңайтқыштар қорларының
жарамсыздыққа ұшырауын т.б. жатқызуға болады. Ғимараттар мен басқа да құрылыстар
осалдыққа ұшырайды, жердің қабаты әр түрлі қалыпта отырады, көпірлер мен туннелдер
бұзылады.
Жанама шығындарды халықты және материалдық құралдарды көшіруге, зардап
шеккен ауданға түрлі қажет заттар мен жабдықтарды, дәрі-дәрмек сияқты нәрселерді
жеткізуге жұмсалған қаражат, апат алқабында шығатын түрлі өндіріс өнімдерінің
қысқаруы, елді мекендерде тұрғын жағдайы күрт төмендеуі құрайды. Әдетте, су басып
қалған аумақтарда (жалпы басқа да стихиялық ауыртпалықтар болған жерде) түрлі
аурулардың эпидемиясы таралады.
Достарыңызбен бөлісу: