57
өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты
өрттер жүздеген, мыңдаған және кейде миллиондаған гектар кеңістікті қамтиды.
Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді,
құрылыстар мен ғимараттарды құртады. Өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің
ошағына айналады, сөйтіп, отқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған
ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. Өрттің салдарынан орманның қорғаныш
болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар өледі,
орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады.
Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал
от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай - әлсіз, орташа және күшті
өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек
топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен
топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған өрттер лапылдақ
және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден
16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі
температура 900
º
С-ға жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: