Экология және өмір қауіпсіздігі


Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек



Pdf көрінісі
бет44/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек 
Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде естің бар — жоғына, 
зардап шегушінің сыртқы келбетін, тыныс алудың және гемодинамиканың (қан 
айналымының) сипаты мен көрінісін ескеру керек. 
Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды 
кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешу керек, денені құрғағанша сүртіп, оны қымтап 
тастайды, ыстық сусын береді (шай, кофе). 
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен 
тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40 - 50°-қа етбетінен көтеріп, 
мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ- қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. 
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы 
күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн.
Тосын жағдайдан тірі қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны 
келтіруге болады. Кәсіби саяхатшылардың сансыз армиясына "жабайы" демалыс 
ауесқойларын жатқызуға болады. Белсенді демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға 


59 
шығу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияақты экзотикалық түрлері 
қарыштап дамыды.
Бейтаныс жерлерде әр уақытта жергілікті тұрғындардан «жылан ордалары» туралы 
сұраңыз. Орманға саңырауқұлақ пен жидек жинау үшін барғанда міндетті түрде етік киіңіз. 
Тек өздеріңізге таныс саңырауқұлақ пен жидекті жинаңыз. Еш уақытта өзіңізге таныс 
емес жидектен дәм татпаңыз. 
Улы жәндіктердің шағуы 
Жыланның шағуының
 
әкелер зардабы да өте ауыр. Сондыктан жылан мекендейтін 
жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етік киген жөн. 
Қазақстаңда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі. 
Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін өзгертеді. Жылан шаққан жердің 
төңірегі жылдам домбығып, қанталайды және төңіректегі ұлпаларға жылдам таралып, 
оның төңірегіндегі дененің басқа мүшелерін зақымдайды. 
Жылан уы әсерінің жалпы белгілврі: 
әлсіздік билеу, бас айналу, талықсу, жүректің айнуы 
және құсу. Ауыр жағдайда есінен айрылып, өкпе қанталайды және шаққан жер домбығады. 
Жылан уы әсерінің барлық белгілері: орташа он екі сағаттан кейін, кейде тәуліктен кейін 
анық белгіленеді. 
Алғашқы медициналық көмек 
Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау 
керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз 
қуысында жарық немесе жара болмау керек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін. 
Жылан уының сау ауыз кілегейіне, тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз. Егер уды өз 
уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға 
бастайды. Жылан шаққаннан кейін қозғалуға болмайды, өйткені қозғалыс удың қанға өтуін 
жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы тиіс. Зақымдалған жерді сынған 
жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны тақтайшаға байлап, сыртын қатты 
таңып тастау керек. Жылан шаққан жерді кез-келген дәрі- дәрмекпен залалсыздандыру 
қажет (йод, спирт). Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды 
— бұның барлығы ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен су 
жақсартады. 
Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, 
өйткені естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы 
сарысулар егіледі. Жыланның адамға еш уақытта бірінші болып тиіспейтіндігін, тек қорғану 
үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет