Экология және өмір қауіпсіздігі


Зілзала табиғи құбылыстар



Pdf көрінісі
бет40/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Зілзала табиғи құбылыстар. 
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы 
байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан 
су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция 
ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй 
құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар 
қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне 
қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда. 
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге 
болады: 
- геологиялық (геофизикалық) құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, 
жер және қар көшкіндері, селдер; 
- метеорологиялық (ауа-райына тән) құбылыстар-дауылдар, борандар, құйындар; 
- гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, 
селдің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі; 
- табиғи өрттер – орман, дала, шым тезек өрттері; 
-
жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) – эпидемиялар 
(індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар. 
Жер сілкіну 
Табиғаттың қаһарлы құбылысы – жер сілкіну- жалпы (көбіне) геофизикалық 
себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, 


53 
қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер 
қойнауында әрдайым күрделі процесстер орын алуда. 
Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар) құрайды-
континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін сейсмикалық және 
тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу) аудандар қоршайды. 
Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі 
бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – Жер шарының айналу динамикалық 
эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу 
конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен 
жоғары көтеріліп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін 
шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны 
төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара кернеулердің 
пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер 
ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі 
физикалық процесстер болуы мүмкін: ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн 
белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы 
бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері,
аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі. 
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар – цунами пайда болады; құрғақта 
сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну 
адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материктерде де, 
мұхиттарда да болып тұратынын бақылаулар көрсетеді. 
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр 
арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жерорта теңізі – азиаттық 
сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Туркия, Иран, Солтүстік Үндістан 
және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- 
Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер 
шарының сілкіністерінің 90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, 
Қызыл-Орда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары 
сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. 
Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін, магнитудасын және жер 
бетіндегі қарқындылығын айтуға болады. 
Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр тереңдіктегі жер 
қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген километр тереңдіктен шығатын 
қимылдар байқалады. 
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы 
сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды 
аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер 
сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 
6-баллдық (күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері 
уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте 
күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер 
қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 
10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, 
жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын 


54 
алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп 
тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) 
пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап 
шегу ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда орын 
алады. 
Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы 
бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық 
жер сілкінулер жылына 1-2 ғана рет болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд 
арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден 
бастап қосқанда) радиусы 80-160 км-ге жетеді. 7-8 баллдық сілкінулер 10-30 секундта өтіп, 
жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға 
баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни, жер сілкіну – бұл 
айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен 
орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, 
жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет