Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері Өңдеу



Дата07.02.2022
өлшемі20,5 Kb.
#91823
түріЛекция
Байланысты:
Селекциялық мат-WPS Office


Селекциялық материалдарды бағалау тәсілдері Өңдеу
Селекциялық материал деп – барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілер мен сорттарды айтады. Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды: 1.өнімділігі; 2.қолайсыз климат жағдайына төзімділігі; 3.ауруға төзімділігі; 4.егу,күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі; 5.сапасы; Селекциялық материалдарды сынаған кезде жан – жақты, дәлдік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдық көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады.

Өнімділігін бағалау Өңдеу


Өнімділік – бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны. Қысқа төзімділігін бағалау. Күздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде, әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды.

Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау Өңдеу


Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып, барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден – бір жолы – бұған төзімді сорттар егу болып табылады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз – олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.

Ауруға төзімділігін бағалау Өңдеу


Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбіне оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Тат ауруына төзімділігін бағалау. Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу дәрәжесі бойынша егі алқабында анықтауға болады.

Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау Өңдеу


Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз – оның жәндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты: 1. Анатомиялық – морфологиялық ерекшеліктері. 2. Өсіп-жетілу ерекшелігі. 3. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкідігі. 4. Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатумен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылыды. Дәнді – дақылдардың жатып қалуын екіге бөледі: 1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы; 2. Тамыр түбінен жатып қалуы;

Модификациялық өзгергіштік Өңдеу


Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз. Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады. Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет