Экология және өмір қауіпсіздігі


Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібі және қағидалары



Pdf көрінісі
бет39/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібі және қағидалары 
Азаматтық қорғаныс мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және 
өндірістік қағидаларымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс - 
шараларын өткізуде азаматтық қорғаныстың объекті басқару органдарының функциялары 
және күштері территориялық және ведомствалық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі 
дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, азаматтық қорғаныс 
бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс іс – шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру 
жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекет 
атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын 
азаматтық қорғаныс іс – шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп 
беру керек. Азаматтық қорғаныстың дайындығы мен іс – шараларды өткізудің мерзімі және 
көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді. 
Азаматтық қорғаныстың дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып 
берілген территорияда төтенше жағдайлардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып 
салалары мен ұйымдарында алдын - ала жүргізіледі. 
Азаматтық қорғаныс идеясының және іс – шараларының негізінде гуманизм 
қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа 
көмек көрсетуге бағытталған. 
Қазақстан Республикасы территориясында болуы ықтимал төтенше жағдайлардың 
сипаты мен салдары 


52 
Төтенше жағдайлар деп - табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономикаға
әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада 
ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың 
өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан 
келтіруге әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) 
шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта 
өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. 
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және 
экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен) 
сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген жүйесінде), объектілік, жергілікті
аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат 
(катастрофа) деп аталады. Экологиялық апатты қасірет деп те атайды, мысалы, Арал 
қасіреті. Басты белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады. 
Авария деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық апат әдетте көлемді 
сипатта болады, сондай-ақ, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да 
жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай көпшілік аурулар) көбіне 
техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың пайда болуына әкеледі. Экологиялық 
апаттар тұрғылықты жерде көптеген жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте 
тірі организмдердің өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар 
стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін. 
Авариялар мен апаттардың мінездемелерін, олардың зақымдану ошақтарының 
ерекшеліктерін білмей, пайда болған себептерін түсінбей, ауыртпалықты алдын алу және 
салдарын ойдағыдай жою мүмкін емес десе болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет