Экология және өмір қауіпсіздігі


Арал теңiзiнiң экологиялық жағдайы



Pdf көрінісі
бет35/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Арал теңiзiнiң экологиялық жағдайы 
Арал – Қазақстан территориясындағы iрi су айдындарының бiрi болатын. Қазiргi 
кезде Арал мәселесi, оған жақын жатқан территориялардың шөлге айналуы бiр республика 
шеңберiнен шығып, бүкiл әлемдi алаңдатып отыр. Ауыл шаруашылығында егiстiктi суаруға 
жұмсалатын суды үнемдемеудiң салдарынан Арал теңiзiне құятын Сырдария мен 
Әмудария өзендерiнiң тұщы су қоры сарқылуға жақын. Арал өңiрi экологиялық апат 
аймағына енгiзiлген. Экологиялық апат жайлаған территорияда 3 млн жуық халық өмiр 
сүредi. Арал теңiзiнiң мөлшерi 15 м-ге, акваторияның ауданы 40%-ке, судың көлемi – 65%-
ке төмендеп кеткен. Топыраққа минералды тыңайтқыштарды жоспарсыз шамадан тыс
себу егiстiк жерлердiң улануына әкелдi. Әмудария мен Сырдарияның суында көп мөлшерде 
улы химикаттар, ауыр металдардың зиянды қоспаларының жоғары концентрациясы 
табылды. Нәтижесiнде суынан айрылған Аралдың түбi зиянды тұздар жинақталған қауiптi 
ошаққа айналып отыр. Бұл тұздар шаң түрiнде көтерiлiп алыс қашықтықтарға таралуда. 
Ауыз сумен қамтамасыз ететiн басқа су қоймаларының жоқтығынан Қарақалпақстанның, 
Қызыл-Орда, Оңтүстiк Қазақстан облысының халықтарының көп бөлiгi осы уланған 
суларды пайдалануда. Бұл суда жетiспейдi, оны пайдаланудың өзi Арал өңiрiнде 
мөлшерден 5-6 есе аз. Пестицидтермен уланған суды iшкен халық ауруға шалдығуда. 
1960 жылдардың басында Арал теңiзi Республиканың шөлдi аймағындағы iрi iшкi 
су айдыны болатын. Оның орташа тереңдiгi шамамен 50 м, су бетiнiң ауданы - 66 мың км
2

ұзындығы – 428 км, енi – 284 км болатын. Жалпы судың көлемi 1066 км
3
едi. 
Мыңдаған жылдар бойы Арал Орта Азияны суық солтүстiк желiнен сақтап отырды. 
Себебi, жел теңiзден көтерiлген бумен соқтығысып, ауа массасы үлкен биiктiкке 
“атмосфералық лифт” арқылы шығарылып тасталатын. Соңынан Памир тауларына жаңбыр 
болып түсетiн. 
27 жылдың iшiнде теңiз 640 км
3
суынан айрылды. Қазiр онда жартысынанда аз (450 
км
3
) су қалған. Судың тұздылығы 1 литрге шаққанда 11-12 г едi, қазiр – 26-28 г. Теңіздің 
жалаңаштанған түбiнiң көлемi, соңғы кезде 3 млн га жеттi, әрi жылдан жылға кеңеюде. 
Аралды сақтау үшiн Бүкiлодақтық комиссия құрылды. Ол Арал суының таяздануын 
тоқтататын бiрнеше шаралардың жүйесiн қарастыруда. Космостық мониторинг 
лабораторияларының зерттеулерiне жүгiнсек, жел Арал өңiрiнде 72 млн т тұзды сеуiп 
тастаған. Ол тұздар ұшып Сырдария мен Әмудария басын алатын Тянь-Шань, Памир 
тауларынада шөгуде. Ал ол сумен қоректенген миллиондаған халық улануда. Аралға қазiргi 
кезде 30-35 км
3
су жеткiзiлiп тұрса, яғни қазiргi ауданынан буланып ұшатын су мөлшерiн 
толықтырса теңiз тұрақтанады. 2005 жылға дейiн 20-21 км
3
су құя аламыз деген болжам 
бар. Толық қалпына келтiру үшiн 1000 км
3
су керек. Соңғы 20 жылда осы аймақтардағы 


45 
халық өлiмiнiң жалпы мөлшерi екi есе өстi. Балалар өлiмiнiң мөлшерi 1000 балаға 
шаққанда 44,7-ден (1986 жылы) – 71,5-ке дейiн өсiп отыр. Жекелеген аудандарда бұл шама 
80-90 жетiп отыр Қарақалпақстан бұрын одақ көлемiнде балалардың дүниеге келуiнен 1-
шi орынды ұзақ уақыт бойы иеленсе, ал қазiр өлiм мөлшерi бойынша үлкен көрсеткiшке ие 
болды. Регионда бала табу қабiлетiндегi әйелдердiң 80%-тi анемиямен ауырады. 1-2 айлық 
балалардың 90%-де (ауруханаға түскен) ағзадағы тұз мөлшерi артып кеткендiгi анықталып 
отыр. Соңғы 15 жылдың көлемiнде Қызыл-Орда облысында су арқылы тараған 36 iрi 
эпидемиялық аурудың ошағы табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет