Экология және өмір қауіпсіздігі


Электр жарақатындағы алғашқы медициналык көмек



Pdf көрінісі
бет50/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Электр жарақатындағы алғашқы медициналык көмек 
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі — зардап шегушіні элекгр 
тогынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. 
Бүған бүкіл тізбектен токты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату
өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электрөткізгіштерді құрғақ таяқпен алып 
тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні 
жалаң қолмен ұстау кауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге 
апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік 
кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады. 
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың 
айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық 
көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім 
жағдайындағы адамға "ауызға - ауыз" жөне "мұрынға — ауыз" әдісімен жасанды демалдыру 
мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет. 


64 
Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды 
стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, 
табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс. 
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы 
сылауын бір уақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс. 
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі - 
дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4мл 25 пайыз ерітіндісі, кофейннің Імл 10 
пайыз ерітіндісі, эфедриннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын 
дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі) берумен 
орайластыру қажет. 
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастау керектігі туралы пікір 
өрескел қате болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет