Экология және өмір қауіпсіздігі


Асептика және антисептика туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет51/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
 
Асептика және антисептика туралы түсінік 
Асептика — жараны микробтардың зақымдауынан қорғау әдісі
.
Бұл үшін жарамен 
түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем
 
микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы 
деп аталады

Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың
микробтарын 
толық жою тазартқыш деп аталады.
Антисептика- жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе 
олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды 
қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт, 
сутегі қолданылады. 
 Реанимация туралы түсінік. Клиникалық және биологиялық өлімдер. Өкпеге 
жасанды дем беру, жүрекке тікелей емес массаж жасау. 
 
Реанимация туралы түсінік 
Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше 
кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр 
жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, 
өсімдіктердің және жәндіктердің уымен улану т.б.
Бірінші кезеңде зардап шегуші ес-түсінен айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі 
бозарады, суық тер басады, сұраққа дұрыс жауап бере алмайды тамырының соғуы жиі және 
әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, 
жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу 
процесстері организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірнеше минуттан бірнеше сағатқа 
созылады.
Екінші кезеңде – зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын 
нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, 
денесі сұп-суық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді, соққаны өте әлсіз, демі 
үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу процесстер нашарлайды. Бұл 
кезең ұзаққа созылмайды. 
Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының 
соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл 
кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.


65 
Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация 
әдістерін жасауға кірісу керек. Реанимация, латын сөзі, тірілту түсінігін береді немесе 
өшіп бара жатқан маңызды өмірлік функциясын қалпына келтіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет