Экология және өмір қауіпсіздігі


Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы күштері. Радиациямен жарақаттану



Pdf көрінісі
бет59/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы күштері. Радиациямен жарақаттану
алғашқы медициналық көмек 
Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - 
жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% -өткіш радиация. 
Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап 
ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ 
тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, 
магний элементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие 
болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның 
бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр 
бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-
тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ушықтырып, адамдарды және малдарды 
зақымдауға соқтырады. Сонымен қатар жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау 
факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады. 
Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергиялық, басым 
бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда 
болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды 
болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил 
баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының 
ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы 
кіреді. 
Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды 
үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады. 
Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға 
ұшыраған, ал ғимараттар мен кұрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау 
ошағы деп атайды. 
Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына карай бірнеше зонаға 
бөлінеді: 
1) Толық қирау зонасы - Р
ш
• 50 кПа-мен (0.5 кгс/см) шектеледі. Жер үстіндегі 
кұрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер 
астындағы қорғаныс ғимаратгар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. 
Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әртүрлі жарақат 
алады. 


74 
2) Күшті қирау зонасы - Р
ш
=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын 
ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы
кұрылыстар толық сақталуы мүмкін; жасырынбаған .адамның көпшілігі қаза
табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті 
радиобелсенді заттармен қатты ластанады. 
3) Орташа қирау зонасы - Р
ш
=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, электр 
жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер 
толык сақталып қалады.
Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану 
кауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін кұрайды және бұл 
жерде кұткару жұмыстары күрделі түрде жүреді. 
4) Жеңіл бүліну зонасы - Р
ш
=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе 
жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от 
алатын заттардын төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін. 
Егер жарылыстың қуатын q
 
әріппен, ал зоналардың радиусын К әріппен белгілесек, 
онда мынау шамалаған формулалармен зоналардың өлшемін есептеуге болады: 
К=(0,35-0,4) К
2
=(0,5 - 0,55) К
3
=(0,75 - 0,7) 
Бұл формулаларда К километрмен (км), q
 
килотоннамен (кт) өлшенеді; жақшаның 
ішіндегі бірінші сандар әуе жарылыс үшін, ал екінші -жер үстіндегі жарылыс үшін 
арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет