Экология және өмір қауіпсіздігі


Биологиялық қаруға түсінік



Pdf көрінісі
бет57/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Биологиялық қаруға түсінік 
Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қарулардың бір түрі және ол халықты 
жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ 
биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. 
Мысалы, таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып 
өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші 
дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. 
Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық, кейбір инфекциялы аурулар 
(тұмау) бір мезгіл көтерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, бірнеше құрлыққа 
таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық 
қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей өзінің әсерін тигізбейді, бірақ 
адамдарды ауруға ұшырату арқылы өндіріс тіршілігін мүлде тоқтату мүмкін. Биологиялық 
қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін:
 


71 
-адамдарды зақымдау үшін - түйнек, оба, нағыз шешек, туляремия, сап, мандам, 
тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солармен 
қатар ботулиникалық токсин; 
-жануарларды зақымдау үшін - аусыл, оба сап, түйнек және т.б.; өсімдіктерді
зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотықтырғышы, күріш пирикуляриозы, 
картоп фитофторозы, мақта гоммозы, ж.т.б. 
Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, 
вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және 
ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер, ауру 
қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін 
синтетикалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар. 
Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге 
болады: негізгі әдіс жэне диверсия жасау әдісі. 
Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе 
сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген 
шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды 
ұшақтардан арналған шаңдатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар 
тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, 
пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық 
зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлары да пайдалануы мүмкін. 
Майда диверсия жасау мақсатында адамдардың көпшілігі жиналатын жерлерде 
(вокзал, аэропорт, базар, стадион, мейрам күндерінде үлкен алаңдар) және ірі қалалардың 
су құбырларына, құдықтарға, үлкен мекемелердің ғимараттарының ауа ауыстыру 
арналарына салу үшін ампула тәрізді ұсақ мөлшерлі ыдыстар немесе шаңдатқыш пеналдар 
пайдаланылады. 
Микроорганизмдер дайын не жартылай дайындалған тағамдарға да салынып қоюлуы 
мүмкін. 
Биологиялық қару қолданылғанына көз жеткізу үшін зымырандардың, бомбалардың 
қалдықтарын табу керек. Оларды құрамы ерекшеліктерінен тануға болады. Биобомбалар 
жарылғанда қатаң, аса күшті емес дыбыс шығады, сол жердер түтін тәрізді аэрозоль жан 
жаққа сейіледі. Осымен қатар заттарда, ағаш жапырақтарында, шөпте тамшылар 
байқалады. Әсте дәлірек бұл жағдайды бактериологиялық бақылау мен тексеруден алынған 
шөкілерді лабораториялық зерттеуден өткізгенде анықтайды. Қазіргі заманда соғыс 
жүргізген мемлекеттердің мақсаттары әр-түрлі болуы мүмкін, бірақ ең басты сол мақсаты - 
жауды жеңу. Биологиялық қаруды іске қосу да осы салада жатыр: 
-жаудың халқын қарсы тұралмайтын ету үшін едәуір шығынға ұшырату, мүмкіндік 
болса сол үшін малын да, өсімдіктерін де қыру; 
-демографиялық мақсаты - экономикалық және саясаттық мақсаттармен 
қалыптасады; 
-жеңіліске ұшыраған мемлекеттің соңғы шара ретінде биологиялық қаруды 
пайдалануы ғажап емес; 
-әскери материалдар мен жабдықтарды бүлдіру үшін де микроорганизмдер 
табылған. 
Биологиялық қаруды қолдану - адамзат алдындағы ауыр қылмыс деп саналады, 
сондықтан оны қолдануға тыйым салынған және оны жою туралы халықаралық келісімдер 


72 
бектітілген. Алайда бір қатар мемлекеттер биологиялық қаруды ұдайы дамыту үшін көп 
көлемді қаржы жұмсап отыр. Жасырын түрде құпия лабораторияларда биолог-ғалымдар 
алуан түрлі микробтардың жаңа ұрпақтарын әлпештеп өсіруде. Бүл салада жұмыстар 
тоқтатылмайтын көрінеді, өйткені биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану үшін 
оларды мынадай қасиеттеріне қарай таңдап, іріктеп алады: 
-ашық ортада (адам денесінен тыс) бейімделіп, тірі қалу қабілеті
-дерттің ауыр, күрделі формасын қоздыру қабілеті; 
-ауруды тікелей аэрозольдан қоздыруымен бірге науқас адамнан сау адамға өту, 
ауруды жұқтыру қабілеті; 
-сырқаттың жасырын, инкубациялық мерзімінің ұзақтығы (қысқа мерзімі де 
созыңқы мерзімі де жағдайға қарай қажет болады); 
-аурудың ұзақтылығы; 
-барлық науқастардың санындағы өлімге соқтыратын, адам шығынына әкелетін үлесі; 
-биоқұралдың аз мөлшерімен-ақ дертті қоздыру қабілеті (аса патогендік микробтардың 
инфект мөлшері азырақ болады). 
Молекулярлық 
биология 
мен 
генетиканың 
дамуы 
барысында 
микроб 
штаммыларының не бір рекомбинанттары (өзгертілген микроорганизмдер) дүниеге келуде. 
Солардың ішінде дәрілерге бағынбайтындары, өнімдерінің күшті улылығы бар, танып білу 
әдістеріне сай келмейтін микроорганизмдер де жоқ емес. Қару ретінде пайдалану жолында 
әсіресе құралдардың ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Мысалыға, плазмидтер деген 
күрделі микроорганизмдер (ДНК-ның жеке алынған молекулалары) патогендік 
информацияны сау молекулаларға ендіріп, оны тұқым қуалайтын дерт қылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет