82
организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл өз
кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың
жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам
сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен
мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда
болуына алып келетін өзгерістер өтеді.
/
дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл)
100 — 200 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын
мерзімі 3—5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу,
пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
//
дәрежелі сәуле ауруы (орташа)
200— 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын
мерзімі 3 — 4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі — үш
ай ішінде сауығады, 20 процент жағдайда адам өледі.
///
дәрежелі сәуле ауруы (ауыр)
400 — 600 рад сәулелену дозасы кезінде.
Алғашқы
белгісі анық білінеді 20 - 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы
33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі
зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты
акқанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды),
ауыз бен
жұтқыншақ
зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің
жәй немесе шектен тыс
қызаруы.
Жасырын мерзімі 10 — 20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады.
Сәтті жағдайда 3 — 6 айдан кейін сауығуы мүмкін. 20 — 70 процент жағдайда өледі.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр)
600 — радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде
20 — 30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 30
градустан асып, зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі - үш апта бойында өледі.
Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: