Экология және өмір қауіпсіздігі


Халықты радиация әсерінен қорғау



Pdf көрінісі
бет66/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
Халықты радиация әсерінен қорғау 
Радиация әсерінен қорғану белгілі бір тәртібінің мақсаты - халықты, жұмысшыларды 
АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамындағы қызметкерлерді радиация қауіпі бар жағдайда 
сақтандыру, радиацияның шарпу мөлшерінің белгіленген шамадан аспауын қадағалау 
болып табылады. Осыған орай әр - түрлі қимылдарға регламентация салынады. 
Бұл тәртіптер нақты жағдайларға байланысты болғандықтан алдын ала есептелініп 
дайындалады.
 
Қазіргі кезде сегіз типтік (үлгі) қорғану тәртіп әзірленіп ұсынылады: 
1-3 - жұмыс істемейтін түрғындар үшін. 
4-7 - шаруашылық объекті жұмысшылары мен кызметкерлері үшін; 
8 - АҚ- тың әскери емес жасақтарының құрамдары үшін. Бейбіт кезінде негізгі қорғау 
тәртібі - халықты көшіру іске қосылады (мысалы Чернобылъ АЭС апаты болғанда 
пайдаланды).
Жоғарыдағы аталмыш тәртіптердің әрқайсысы үш кезеңге бөлінеді: 
1 - радиациядан қорғайтын паналарда (РҚП) болу уақыты; 
2 - қорғаныс паналар мен кәдімгі ғимараттарда болудың алмасу кезеңі; 
3 - тәулігіне бір-екі сағатқа ашық ауаға шығуы мен кәдімгі ғимараттарда болуы мен
үйлестіру кезеңі (қорғаныс паналарда үзіліссіз, ұзақ уақыт болуын адамдар ауырсынады, 
сондықтан оларға кысқа мерзімге ашық аулаға шығуға рұқсат беріледі). 


83 
Қорғаныс паналардың және басқа ғимараттардың өздеріне тән радиацияны әлсірету 
коэффициенті (К
әлс
) болады. Ол ғимараттардың ішінде ашық даламен салыстырғанда 
радиация деңгейі неше есе төмендейтінін көрсетеді. 
Қорғану тәртіптерін түсіндіріп көрсетуі;
№ 1 - ауыл тұрғындары үшін, ағаш тамдардың К
элс
=2, 
Қ
элс
= 50 (жабылған жыралар, 
жертөлелер); 
№ 2 - бір қабатты жер тамдардағы тұрғындар үшін кірпіш, тас соғылған үйлердің 
К
элс
=10, РҚП=50; 
№ 3 - қала тұрғындары үшін, көп
 
қабатты үйлердің РҚП-дың К
элс
=200-300 (көп 
қабатты үйлердің төлесі); 
№ 
4 - 
ағаш құрылыстарда К
элс
=2 орналасқан Шаруашылық объектіде (ШО) істейтін 
жұмысшылар үшін, РҚП-дың К
элс
=20-50; 
№ 5 - бір кабатты, кірпіштен жасалған ғимараттарда орналасқан ШО-де (К
элс
=10) 
істейтін жұмысшылар үшін, РҚП-дын К
элс
=50-І00; 
№ 6 - бұл тәртіп № 5- ге ұқсайды, бірақ РҚП-дың К
элс
=100-200; ) 
№ 7 - бұл тәртіп № 5 - ұқсайды, бірақ РҚП-дың К
элс
1000; 
№ 8 -АҚ-тың әскери емес жасақтары құрамы үшін; кұтқару және авариялық қалпына 
келтіру жұмыстары барысында бұл қорғану тәртібі еңгізілуінде келесі ережелер көзделеді: 
- радиация деңгейі биік жерде адамдардың болу уақыты қатал қадағаланады; 
- жұмыстар алмасу тәртібімен (смена ретімен) жүргізіледі; адамдар қабылдаған 
радиация шарпу мөлшерін бақылап отырады; 
- жеке қорғаныс кұралдары, медициналық қорғаныс кұралдарын және техниканың
ғимараттардың қорғаныс қасиеттерін пайдаланады. Қорытып айтқанда аумақтың 
радиобелсенді заттар арқылы ластануы халықтың жүріп - тұруына, құтқару және кезекті 
күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге едәуір қиыншылықтарды туындатады. 
Үй ішінде радиация деңгейі 90 мр/сағ аспауға тиіс. 
Соғыс кезеңіңде рұқсат етілген радиация шарпу мөлшерін көтеріп белгілейді: 
алғашқы 4 тәулікте - 50р, 30 тәулікте - 100 р, 3 арасында - 200р, бір жыл уақыт мерзімінде - 
300 р. 
Ядролық жарылыстан туындаған радиациялық жағдайды болжау үшін келесі 
мәліметгерді білу қажет: ядролық жарылыстың қуаты, болған уақыты, координаттары, 
желдің бағыты мен жылдамығы. 
Желдің параметрлерін метеостанциялар біліп хабарлап отыруға тиіс. Желдің бағыты 
мен жылдамдығын жер бетінен 0-2, 0-4, 0-6, 0-8, 10 км биіктікке дейін, яғни радиобелсенді
бұлттың көтерілуіне байланысты, анықтау керек. 
Жарылыстың параметрлерін қарапайым тәсілдермен зерттеуге де болады. Мысалы : 
- жарылыстың дыбыс толқыны 1км қашыктықты 3 секунд аралығында өтеді; 
- егер саңырауқұлақтың шаң бағанасы (аяқшасы) шатырымен қосылып тұрса. бұл жер 
үсті жарылысы болғаны; 
- аяқшасы шатырды қуып жететін жағдайда жарылыс биіктігі 20 м; 
- егер аяқшасы шатырды қуғанымен оны жетпесе, онда - Н 20,м. Осы екі соңғы 
жарылыстар - әуе жарылыстары деп саналады, бұлар жердің радиобелсенді ластануына көп 
ықпал етпейді. 
Радиобелсенді бұлт өз биіктігіне 8-9 минут аралығында көтеріледі және бұл уақыт 
жарылыстың қуатына байланысты емес. Жарылысты қуатын анықтау үшін һ<1 қатынасты 


84 
шамалап өлшеу керек. Бұл жерде һ - жерден алғанда бұлттың жоғарғы шетінің биіктігі; d<1 
өз биіктігінде тұрған бұлттың көлденең диаметрі. һ және d параметрлерді линейка арқылы 
анықтауға болады (қолды созып ұстағанда). 
Раднобелсенді ластану зоналарның өлшемдері анықтамалар арқылы табылады,
оларды "Азаматтық қорғаныс штабтарда нақтылайды. 
Радиация шарпуының басым дозасы бірінші тәулікке келеді (50%), алғашқы бес тәулік 
арасында ол 60% жетеді, ал бір айда - 70%. 
Халықтың ядролық зақым
 
ошағында тірлік жасайтын тәртібі жарылыс кезінде паналау 
орындарында немесе олардан тыс жерлерде болуына байланысты белгіленеді. Қорғаныс 
ғимараттарға паналанғандар, онда белгіленген тәртіпті, қызмет көрсетуге жауапты 
қызметкерлердің талаптарын орындауға міндетті. 
Қорғаныс паналарға келген адамдар өздерімен бірге жеке қорғаныс кұралдарын 
әкеліп, оларды пайдалануға дайындап ұстап тұру керек. Бұл жерде болуының ұзақтығы 
және басқа ережелерді азаматтық қорғаныс штабы сол жердің радиобелсенді зақымдану 
дәрежесіне байланысты белгілейді. Штаб мәліметтерді хабарлап корғаныс шаралары 
жөнінде жарлықтар беріп отырады. Паналау ғимараты орналасқан жерде ядролық 
жарылыстан кейін 1сағат өткен уақытта радиация деңгейі 240 р/сағ жуық немесе одан көп 
болса бұл жерде үш және одан да көп тәулік, 80 р/сағ-нен 240 р/сағ-ге дейін үш тәулікке 
дейін, 8 р/сағ мен 80 р/сағ-ге дейін - бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін жасырыну керек. 
Сондықтан паналайтын жерге келу алдында 4 тәуліктен кем
 
емес уақытқа жететін тамақтың 
қоры, адам басына бір тәулікке судың 3 л жететіндей мөлшерін және дәр-дәрмек, керекті 
заттарды қамту (дайындау) керек. 
Мерзімі өткеннен кейін паналаушылар штабтың рұқсатымен үйлеріне көшеді. Ауаға 
шыққанда, әсіресе шаң жолмен жүргенде жел қорғаныс кұралдарын пайдалануы қажет. 
Үйлерден аса қажет жағдайлар болмаса бірнеше тәулік бойы шығуға болмайды, соның 
өзінде үйден тыс жерлерде болуы тәулігінде 4 сағат аспауға тиіс. 
Егер паналау ғимараты зақымданып, бүлініп қалса, онда адамдар одан шығуға мәжбүр 
болады. Сол үшін штабтың шешімі бойынша, алдын ала ауданда барлау жүргізіліп, көшу 
жолдары (маршрут) белгіленеді. Ғимараттың негізгі шығу есігі (жолы) көміліп қалған 
жағдайда қосалқы есіктерден немесе төбесін бұзып шығады. Кейбір кезде адамдарды 
қорғану жерлерден мерзімінен ерте шығарып көшіруге тура келеді, өйткені жабық 
ғимаратта ұзақ отыру қиындыкқа соғады. Осындай жағдайларда паналаушылар жеке 
қорғаныс кұралдарды киіммен ғимараттан ұйымдасқан түрде қызмет көрсету жасақтары 
бастығының бұйрығымен сыртқа шығады. 
Ашық жерде қалған адамдар ядролық жарылыс басталған заматта жарылысқа сыртын 
бере, бетін төмен қаратып, қолын бауырына алып жерге жату керек. Жасырылу үшін сай, 
ор, арық сияқты орындарды пайдалану керек. Соққы толқыны өткен соң 15-20 секундтан 
кейін орнынан тұрып дереу тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында противогаз, 
респиратор, олар болмаса мақта, дәке таңғыш кию немесе мұрын мен ауызды орамалмен, 
бөкебаймен таңып алған жөн, киімдерінің шаң тозаңын қағып, тездетіп зақым ошағынан 
шығып кеткен дұрыс. 
Келесі жүріп - тұру ережелерін әркімнің білгені жөн. Радиацияның деңгейі уақыт 
өткен сайын төмендейді. Медициналық профилактикалық дәрі - дәрмектерді (антидоттар) 
сәулеге шалдыққанға дейін, оған үлгермесе шарпуына шалдыққаннан кейін бірден 
қолданылуы оның салдарын едәуір жеңілдетеді. Антидоттарды сәуле шарпуына түспеген 


85 
адам да қолдануына болады. Зақымдалған территорияда темекі шегуді, ашық қалған азық - 
түлік пен суды ішіп, тамақ жеуге болмайды. Тамақ әзірлеу үшін ол жерде радиация деңгейі 
сағатына 1 рентгеннен, ал тамақ ішу орында сағатына 5 рентгеннен аспау керек. Зақым 
ошағынан шығар кезінде шаңдатпай жүріп, жандақ суды айналып өткен жөн. Жарылыстың 
салдарынан осал болып қалған үйлерге жақындамай кең жолмен азаматтық қорғаныс 
барлау топтарының қойылған белгілері бойынша жүрген дұрыс. Жолшыбай кездескен 
зардап шеккен адамдарға қолдан келгенше көмек беруге әр кім міндетті. 
Ядролық зақым ошағынан шыққаннан кейін мүмкін болса барынша дезактивациялау 
және санитарлық өңдеуді жасаған дұрыс болады. Киім тазартылады (қағылады, жуылады) 
немесе толық ауыстырылады, адам денесін моншаға, душқа түсіп жуады, әйтпесе дененің 
ашық жерлері, көздері, мұрын мен ауыздары сумен шайылады. Су тапшы болған жағдайда 
дәке тампонды суға салып, дененің ашық жерлерін бірнеше рет ысқылап сүртеді. Ысқылау 
жоғарыдан төмен қарай сүргізіледі, оқтын-оқтын тампонды ауыстырып отырады. Қыстың 
күні киім - кешекті, аяқ киімді, қорғаныс құралдарын дезактивациялау мен санитарлық 
өндеуді зақымданбаған қарды пайдалануға, ал жазда санитарлық өңдеуді өзенде немесе 
басқа да ағын суда жасауға болады. 
Радиоактивтік зақымдау қауіпі тікелей төнген кезде немесе бұлттың көшу бағыттағы 
елді мекендер мен аудандарда мынадай шаралар жүзеге асырылады: жеке қорғаныс 
құралдары әзірленеді, паналау орындары дайындық жағдайына келтіріледі, өндірістік 
кызметін тоқтатпайтын кәсіпорындар ерекше жұмыс тәртібіне өтеді, ғимараттардың 
саңлаулары бекітіледі; арнаулы паналау орындары жоқ болған жағдайда тас үйлер мен 
жертөлелер пайдаланылады; халық басқа жаққа көшірілуі де мүмкін; радиацияға қарсы 
антидот ішу қажет болады; ауыл тұрғындары өздерінің малдарын ұзақ уақыт тұруға 
дайындалған қораларға айдап кіргізіп, есіктерді, қақпақтарды мықтап жабады; сонан соң 
өздері тығыз бекітілген жасырын орындарға кіреді. 
Радиобелсенді зақымданған ауқымда қалған адамдар төмендегі мәліметтерді білгені 
дүрыс: 

үйлердің ішінде радиация деңгейі сыртқа қарағанда төменірек болады, өйткені үй 
қабырғарлары, төбесі сәулені өзіне ішінара сіңіреді. Сондықтан да жақын - жақын 
орналасқан үйлерде жеке тұрған ғимаратпен салыстырғанда радиация деңгейі төменірек
болуға тиісті, сәуле шарпуын азайтуға терезелерді, есіктерді, үй айналасын құм, топырақ 
салынған қаптармен қыштармен қалынырақ қылып қойған жағдай дұрыс септігін тигізеді. 
Радиацияны молырақ сіңіретін материалдарға қорғасын, темір, бетон, құм, жер топырағы 
жатады. Гамма - сәулеленуге жақсы бөгет бола алмайтындарға ағаш және органикалық 
денелер, су, қар сияқты жеңіл материалдар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет