Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет63/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

СА-ның 4 мерзімі болады
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке 
созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының 
ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді; 
- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу 
мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын 
сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан 
құрамы өзгере бастайды; 
- үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы 
басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін; қан ұйысуы бұзылады, жалпы
организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; 
қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді; 
- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай денсаулықтың толық қалпына 
келу уақыты созылыңқырап келеді. СА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. 
Күйіктердің бұл түрлері тереңде жасырын түрде дамып, бұлшық еттердің, сүйектердің 
жансыздануына соқтырады. Және СА-ның 4 дәрежесі болады: 
- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде 
өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны 
азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін; 
- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм 
күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері 
анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Өлім шығыны 20%; 
- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы 
мүмкін. Организмның алғашқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім 
шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан 
өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. Үшінші 
дәрежеде қан денешіктерінің (лейкоцит, эритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды; 
-
төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет