Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет61/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Жарықты сәуле бөлу 
ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның 
құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле 
бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің 
ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына 
әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді. 
Электромагниттік импульс факторына түсінік 
Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері 
туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт 
мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) 
деп таниды. 
Адам 
организміне 
басқа 
зақымдаушы 
факторларымен 
салыстырғанда 
электромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әртүрлі 
электр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және 
кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл 
жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты 
салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, 
өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан 
пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау 
үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін 
ендемелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек, 
ЭМИ-бен бірге радиотолқындар тарайды, олар едәіур қашықтыққа жетіп 
радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі. 
Электрлік магниттік импулъс 
жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның 
пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр 
аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік 
импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, 
приборларды, конденсаторларды, ваакумды кондырғыларды және т.с.с. электрондық 
қондырғыларды істен шығарады. Яғни бүл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, 
электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет