Экология және өмір қауіпсіздігі


Ядролық жарылыстың жалпы сипаты



Pdf көрінісі
бет55/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
 Ядролық жарылыстың жалпы сипаты 
Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі 
ядролық жарылыстар, олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) 
ядролық жарылыстар да болуы мүмкін. 
Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және 
нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп терең енетін қасиетіне 
қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын 
иондайды (екі қарама-қарсы электр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу 
формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа 
дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ 
дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да 
реакциялар барысы тоқталады. 
Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды. 1 Мт қуаты бар 
жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді. 
Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор энергияның босатылуы себебінен ауа 
қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан - жаққа 


69 
таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. 
Сығымдалған ауаның алдынғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны 
екі зонадан құралған тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, 
сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. 
Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп 
жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-
жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін 
төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы 
толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны 
жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді. 
Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсені өнімдері - ядролардан бөлінген 
бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан 
пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше 
аптадан үш айға дейін) жер бетіне түссе, радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың 
километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа 
өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық 
жарылысының кіндігінде нейтрондар әсерінен сіңген радиацияның деңгейі тез арада 
төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі 
қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына 
соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады. 
Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% - соққы толқыны, 35% - 
жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация. 
Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап 
ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ 
тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, 
магний элементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие 
болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның 
бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр 
бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-
тар осы өңірде биік деңгейлі ұшқан радиация, адамдарды және малдарды зақымдауға 
соқтырады. 
Сонымен 
жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына 
радиобелсенділік зақымы да қосылады. 
Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергияның басым 
бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда 
болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды 
болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил 
баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады, құрамының 
ерекшелігі оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы 
кіреді. 
Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды 
үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады. 
Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға 
ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау 
ошағы деп атайды. 


70 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет