Портфолио «Байқау практикасы» Топ: 41 «БШ» Студент-практикант: Нуршаева А. М практика әдіскері: Садибекова С. С алматы 2021 ж



бет1/10
Дата27.03.2022
өлшемі0,71 Mb.
#136982
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нуршаева Анеля. 10.12.2020


1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Портфолио
«Байқау практикасы»

Топ: 41 «БШ»
Студент-практикант: Нуршаева А. М
Практика әдіскері: Садибекова С. С
Алматы 2021 ж
Апатты табиғат құбылыстары
Табиғаттың қаһарлы құбылысы – жер сілкіну – жалпы геофизикалық себертерден болатын жер қыртысындағы, оның астыңғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процестер орын алуда.
Жер қыртысы біртұтас емес, оны литосфералық плиталар құрайды- континентальды және мухиттық; плиталардың шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – жер шарынң айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғарыға көтеріп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процестер болуы мүмкін: ай жән күн тартысымн болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі(элипс бойынша жылжу); басқ жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процестрдің бір-бірімен үйлесіп келуі,
Тереңдіктегі тктоникалық күштер әсерінен орасан зор қысым немесе жр астндағы жарылыс мантияға кернеулр туындатып, жр астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жр сілкінудің көзін пайда етеді. Қаттты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жр қабаттарының формасы өзгеред, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бірқатар дүмпулер ретінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі. Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.
Жер астынан дүмпу пйда болатын алапат жер сілкіну ошағы – ішінде көптен бері жиналған энергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы(пішіні) эпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал эпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен жіне үстіңгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкінісі кездерінде жер қабатының тұтастығы бүлінеді, жер сілкінісі жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сіокіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қащықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерлерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстанқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді.
Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. Үйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-энергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және электр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар болуы да ықтимал.
Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар – цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материктерде де, мухиттарда да болып тұраттынын бақылаулар көрсетеді.
Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. 2 негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жерорта теңізі – азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Түркия, Иран, Солтстік Үдістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин, және Курил аралдарын қамтиды және айта кететін бір жайт, жер шарының сілкіністерінің 90%-і осы белдеуде өтіп жатады. Қазақстан шекарасында Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға – балға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады(ірі сілкініс). Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер– 2-5 км/с.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар(ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық(күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7-баллдық(өте күшті) сілкіністе тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық(қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10-баллдық(жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көп болады, су құламалар пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда болады.Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 рет ғана болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-160 км жетеді. 7-8 балдық сілкіну кезінде 10-30 секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни жер сілкіну – айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады. Жоғарыда айтылған қиратулардан басқа жер сілкінісі басқа да техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларының қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға шашырататын атом электростанцияларындағы апаттарға және тағы басқаларына. Күшті жер сілкінісі ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске түсіреді.
Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болу мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік шарттарының көп болу салдарынан жер сілкінісін дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Өздеріңізге белгілі бұл ғасыр технологияның даму ғасыры. Қазірдің өзінде ғалымдар түрлі аспаптарды ойлап тауып жатыр. Келешекте осындай жойқын әсері бар жер сілкіністерін болжайтын аспаптардың пайда болатынына сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет