Орманжәне дала өрттері Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарында болатын өрттер, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Ерекше зиян келтіретін және адам өміріне зиян келтіретін өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері болып табылады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай өрттің 90-97%-і адамның кінасынан болып тұрады. Орта есеппен алғанда болған 100 өрттің 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен болады. Көктемде негізгі себебі ауыл шаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл элементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді. Саяхатшылар, жидек, саңырауқұлақ терушілер алауды дұрыс пайдаланбайды, темекінің қалдықтарын тастайды – жалпы, адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұзып отырады. Орман және дала өрттері – ағаштар мен дақылды өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты өрттер жүздеген, мыңдаған кейде миллиондаған кеңістікті қамтиды.Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлерде шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жазды күндерде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпаса да түсінікті. Өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ болады. Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярланған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. Өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп отқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың құрып кетуіне себепкер болады. Өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады. Жер бауырлап жанған өрттер әдетте лапылдақ жіне маздақ болады. Қозғалыс жылдамдығына қарай 1 м/мин ден 16м/мин дейін, алаудың биіктігі 1-2 м болады, өрттің жиегіндегі температура 900°С-ға жетеді. Сондықтан от қолданғанда абай болыңыздар!!!