Сел тасқыны
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің бассейндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің, тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып түзілген лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан пайда болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді көлді түзеген судың бөгетті бұзып өтуі жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындылардың көлемінде жүздеген мың, кейде тіпті миллион текше метрге дейін жететін материалды тауды төмен қарай жылжытады.
Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып-жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге дейін жетеді, оны «сел бась» деп атайды.
Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағалауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады – бұл процесті селдің түзілуі деп атауға болады. Бөгетті бұзып-жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процестер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Біркезде шегіне жетіп сел массасы бөгетті жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.
Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әр түрлі үйінділерді батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.
Селдің қауіптілігі – тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшыраған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылық обьектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерлерге, суармалы жүйелерге, темір жолмен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, үлкен қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамба түрінде жасалған бөгеттер айтарлықтай тосқауыл бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |