Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта, атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда пайда болады. Құйын – жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшер жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң түрі болып келеді. Олар су айдың үстінде, сондай-ақ құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен бірге жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен жері ешқандай болжамға келмейді. Құйынның ішкі қуысы, әдетте бос болып келеді, шеңбері 10 м ден 100 м дейін барады. Айналу жылдамдығы 200 м/с. Жолындағының барлығын суырып әкетеді. Оған ештеңе де тосқауыл бола алмайды. Оның жылжу жылдамдығы 50-60 км/сағ, орташа ені 350-400 м.