Қар көшкіні Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар астындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре отырып тез арада жылдамдығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қар ұсақ кристалдар мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады.
50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай – 30-40° тігімен орналасқан,майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ке жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалындығын 10-15 см-ге төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер болады. Өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босаңдығы жоғарылайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі.
Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарған мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі жекелеген аудандарда қар көшкін жылына 10-15 рет түсуі мүмкін; қар массасының көп жылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.
Қар көшкіні қимыл типте қар арнайы каналдармен жылжиды, ал шалғынды типте участоктың барлық аумағында шөккін тәрізді болады; секіргіш типте ағу каналында кездесетін тік жартастардың қар жерден ажырайды және едәуір жылдамдықпен ауада шапшып ағады.
Көшкін ағыны тікелей топырақ бетімен немесе қардың төменгі қабат бетімен жылжуы мүмкін.
Қар көшкіндері елді мекендерге, спорт және демалыс санаторий-курорт кешенділеріне, темір және автожолдарына, электр желілеріне, құбырларға, өндіріс құрылыстарына едәуір нұқсан келтіре алады. Кей жерлерде қар көшкіні 100 жылда 1-2 рет қана болады екен. Мысалы, Кавказ тауларында орналасқан 200-300 жыл бойы тұрған ел мекендері кенеттен қар көшкіннің астында қалғаны белгілі.Біздің елімізде таулы аймақтар көп болғандықтан жоғарыда айтылған қар көшкіндерінің болуы әбден мүмкін.