Экология және өмір қауіпсіздігі


Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Оба, тырысқақ, туберкулез қоздырғыштары, жұғу



Pdf көрінісі
бет53/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Оба, тырысқақ, туберкулез қоздырғыштары, жұғу 
жолдары, клиникалық белгілері. Карантин, обсервацияға түсінік.
10-лекция
Тақырыбы: Жаппай қырып жою қарулары. Ядролық жарылыс және атом электр 
станцияларындағы авария кезіндегі зақым ошақтарына сипаттама. Азық-түлікті 
және суды қорғау 
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін 
білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары 
барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы 
қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ.. Ол 
қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен 
жексен қылды. 
Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың 
жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық - ядролық соғысынан 
көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін 
нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. 
Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың 
орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық 
жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың
жарақат алғандардың, жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, 
мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз 
уақытқа созылатын әсері де жоқ емес. 
Осыған орай мынадай сауалдар туындайды: егер сау қалған адамдар ядролық 
зақымдау ошағында көмек көрсету және тағы да басқа жұмыстарды жүргізіп өздерінің 
өмірлеріне қауіп төндіретін болса, онда бұндай жұмыстардың алып баратын мағнасы неде, 
жалпы ол әрекеттердің өздері шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін бе? 
Жауап алу үшін, алдымен, ядролық қару және оның жарылыстарының салдары туралы 
бір қатар мәліметтерді білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет