«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибелік сабаққа және білім алушының өздік жұмыстарға арналған



бет13/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#122394
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Экология и БЖД 2019 му каз Айжан

Химиялық қауіпті нысан (ХҚН) аварияға ұшырағанда немесе қирағанда, адамдардың, жанаурлар мен өсімдіктердің күшті әсер етуші улы заттармен жаппай зақымдануы (улануы) мүмкін болатын шаруашылық объекті.
Апат деп нәтижесінде атмосфераға КӘУЗ-дың адамдар мен жануарлардың жаппай улануын тудыратын мөлшерде түсуіне әкелетін өндірістегі технологиялық үрдістердің бұзылуы, құбырлардың, ыдыстардың, сақтау орындарының, көлік құралдарының ақау алуы түсіндіріледі.
Хлор - тұншықтыратын иісі бар сары-жасыл түсті газ, ауадан 2,5 есе ауыр, өте улы; суды залалсыздандыруға қажетгі хлорланған сұйықтықтар алу үшін пайдаланады, сонымен қатар тоқыма өндірісінде матаны түссіздендіру үшін де қолданады.
Хлормен улану белгілері:

  • тыныс жолдарының спазмасы;

  • жүрек қызметінің өзгеруі;

  • тыныс алу және қан тамыр орталықтарының қозуы;

  • теріге тигенде «хлорлы бөртпе», экзема, дерматит және т.б. тері ауруларының пайда болуы.

Аммиак - ащы, өткір иісті, суда тез еритін түссіз газ. Азық-түлік өндірісі кәсіпорындарында және шаруашылық салаларында мұздатқыш хладент ретінде мұздатқыш қондырғыларда қолданылады.
Аммиакпен уланғанда байқалады:

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының күюі;

  • қан қысымының төмендеуі;

  • тіл мен жүтқыншактың ісінуі;

  • көзге тигенде -көздің жасаурап, қызарып күюі;

  • теріге тигенде, терінің 2 дәрежелі күюі.

Фосген – түссіз газ, 80С төмен температурада конденсацияланады (түссіз сұйықтыққа). Оның иісі прелые көкөністерге немесе шөптің иісіне ұқсас. Ауадан ауыр, суда нашар ериді. Фосгеннің тек буы ғана улы болып табылады. Уланудың алғашқы белгілері бірден байқалмайды (4-8 сағаттан соң). Алдымен азғантай жөтел, мұрын қуысы ашып, кейін қатты жөтел, дем жетпей қалу пайда болады, бет және еріндер қатты көгереді. Толық тыныштық қажет, сырқатты арқасымен, грелка қойып жатқызып, оттегі және ыстық сусын беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет