«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибелік сабаққа және білім алушының өздік жұмыстарға арналған



бет16/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#122394
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Экология и БЖД 2019 му каз Айжан

Бiрiншi бұлттылық - КӘУЗ құйылған ыдыстың бүлінуі немесе жарылуы кезінде алғашқы 1-3 минут iшiнде атмосфераға таралған КӘУЗ бұлты.
Екiншi бұлттылық – КӘУЗ-дің төгiлген аумақ бетінен булануы нәтижесiнде түзiлген бұлты.
Алғашқы мәліметтерде берілген хлор, аммиак және т.б. заттектер сұйылтылған газдар болғандықтан, КӘУЗ көлемін бірінші және екінші бұлттылық бойынша есептеген дұрыс.
Бiрiншi бұлттылықта түзiлген КӘУЗ эквиваленттiк санын Qэ1:

1 = К1· К3·К5·К7·Q0 (тонна) (8.1)


мұндағы Q0 – апта кезінде ауаға шығарылған (төгілген) заттың көлемі, т, К1 – КӘУЗ сақталу жағдайына байланысты коэффициент, хлор және аммиак үшін 0,18 тең, фосген үшін 0,05, күкіртсутек үшін- 0,27, метиламин үшін –0,13; К3 – хлордың бастапқы токсодозасының басқа КӘУЗ-дың бастапқы токсодозасына қатынасына тең коэффициент.


Бастапқы токсодоза - уланудың алғашқы белгілерін (жөтел, жағымсыз иіс, демігу, тұншығу және т.б.) тудыртатын КӘУЗ-дің ингаляциялық улы мөлшері.
Хлор газы заттың шекті улылық мөлшерін анықтаудың эталоны болғандықтан, хлор үшін К3 = 1, аммиак үшін К3 = 0,04, фосген үшін К3 = 1,0, күкіртсутек үшін – 0,036, метиламин үшін – 0,5; К5 – атмосфераның вертикалды тұрақтылық дәрежесiн ескеретін коэффициент,
а) инверсия үшiн  1
б) изотермия үшiн  0,23
в) конвекция үшiн  0,08.
К7 – ауа температурасының әсерiн ескеретін коэффициент 8.1 – кесте бойынша анықталады.

8.1 – кесте.


Бірінші бұлттылық үшін әртүрлі ауа температурасы кезіндегі К7 коэффициентінің мәні





Зат

Ауа температурасы

- 40

- 20

0

+ 20

+ 40

Хлор

0

0,3

0,6

1,0

1,4

Аммиак

0

0,3

0,6

1,0

1,4

Күкіртсутек

0,3

0,5

0,8

1,0

1,2

Фосген

0

0

0

1,0

2,7

Метиламин

0

0

0,5

1,0

2,5

К7 коэффициентін анықтау үшін 8.1 – кесте бойынша берілген ауа температурасын аппроксимация жасау қажет. Мысалы хлор және аммиак үшін К7 коэффициентін 8.2. формуласы бойынша есептеуге болады.


Егер, 0 < Та <20 оС; К7 = 0,02 Та + 0,6


(8.2)
Егер, 20 < Та < 40 оС; К7 = 0,02 (Та – 20) + 1,0

КӘУЗ-дың зақымдаушы әсерiнiң ұзақтығын, яғни, КӘУЗ-дің төгiлу ауданынан булану уақытын анықтаймыз:




(сағ), (8.3)

мұндағы, h – КӘУЗ қабатының қалыңдығы, м; КӘУЗ -дің төгілген қабатының қалындығы төгілу сипатына байланысты. Еркін төгілген кезде һ қабаты төгілу ауданы бойынша 0,05 м тең етіп алынады; поддон (тұғырыққа) немесе үйіндіге биіктігі бар кезінде , Һ = Н - 0,2 м, мұндағы Н- үйінді биіктігі. d – КӘУЗ тығыздығы, т/м3; хлор үшін d = 1,553 т/м3, аммиак үшін d = 0,681 т/м3; метиламин үшін d = 0,699 т/м3; фосген үшін d = 1,432 т/м3; күкіртсутек үшін d = 0,964 т/м3; K2 – КӘУЗ физикалық-химиялық қасиеттерiне тәуелдi коэффициент, хлор үшін К2=0,052, аммиак үшін К2=0,025; метиламин үшін К2 = 0,034; фосген үшін К2= 0,061; күкіртсутек К2= 0,042 т/м3. K4 – жел жылдамдығын көрсететiн коэффициент, 8.2 кестеден анықталады; К7 – ауа температурасының әсерiн ескеретін коэффициент.


8.2 – кесте.

K4 – жел жылдамдығын көрсететiн коэффициент






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет