КҮШТІ ӘСЕРЛІ УЛЫ ЗАТТЫҢ (КӘУЗ) ТӨГІЛУІ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛЖАУ
Мазмұны: ашық жерде және қала ортасына КӘУЗ төгілуі нәтижесіндегі химиялық жағдайды болжау
8.1 Күшті әсерлі улы зат туралы жалпы түсінік.
Күшті әсерлі улы зат (КӘУЗ) – бұл халық шаруашылығында қолданылатын уыттылығы бар, адамдарды және жануарлар мен өсімдіктерді жаппай уландыру қабілеті бар токсиндік химиялық зат.
КӘУЗ-бен залалданған аумақ - КӘУЗ концентрациясының көлемі адам өміріне қауіп туғызатын көлемге жеткен территория.
КӘУЗ-бен нақты залалданған аймақ ауданы – адам өміріне қауіпті шекте КӘУЗ таралған территория ауданы.
КӘУЗ-бен залалдануы мүмкін аумақтың ауданы – метеожағдайлардың өзгеруі әсерінен химиялық улану мүмкін болатын аумақтың ауданы.
Химиялық жағдай – стихиялық апаттардың, автокөлік кәсіпорындарында, Темір жол көлігінде, Химиялық қауіпті нысандарда орын алған апат нәтижесінде КӘУЗ құйылған ыдыстың (технологиялық коммуникациялардың) қирау барысында ауданда, аймақта қалыптасқан жағдай.
Улану ошағы – КӘУЗ әсерінің нәтижесінде адамдардың, жанаурлардың және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаппай зақымдануы (улануы) болған аумақ шеңбері.
Достарыңызбен бөлісу: |