«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша


Тақырып 4. Биосфера және ноосфера туралы ілім



бет10/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1

Тақырып 4. Биосфера және ноосфера туралы ілім
1 Биосфера – ғаламдық экожүйе.
2 Ноосфера – сана, ақыл ой қабаты.
3 Экологияның 4 заңы.

Биосфера –Жердің ғаламдық экожүйелерінің ең ірісі (тіршілік қабығы). Оның даму эволюциясы, болашағы тек жермен байланысты. Биосфераны жан-жақты ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский (1863-1945). Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера және литосфера (жер қабығы).


Биосфера грек тілінен аударғанда «биос» - өмір, «сфера» - шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера – Жер планетасының тірі ағзалар жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе. Биосфера терминін австр. ғалым Эдуард Зюсс 1875 жылы енгізген, дегенмен бұл туралы ғылымды негіздеген орыс ғалымы В.И.Вернадский. В.И.Вернадский анықтамасы бойынша, биосфера – тіршілік иелері мен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты. Ал, тіршілік иелері, яғни, тірі органикалық заттар биосферадағы еркін энергияның тасымалдаушы көзі болып табылады. Биосфера атмосфераның төменгі қабатын (тропосфераны), бүкіл су қабатын (гидросфераны) және жердің қатты қабатының (литосфераның) беткі бөлігін қамтиды. Биосфераның биіктік шекарасы мұхит деңгейінен 6 км, ал төменгі шекарасы жер қыртысының 15 км тереңдігінде (осындай тереңдіктегі мұхит суларында бактериялар кездеседі), ал мұхитта 11 км тереңдікте кездеседі. Дегенмен негізгі тіршілік дамыған кеңістік бар болғаны ондаған метрді ғана қамтиды. Биосфера өзін-өзі реттейтін экожүйе, мұнда әзірше экологиялық тепе-теңдік сақталуда.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.
Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5*1012 т (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3*1018т)тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ, оның қалыңдығы бар болғаны 2 см болады. Тірі заттың негізгі қасиеттері (СРС) .
Биосфераның ластануы – бүкіл тіршілік қабатының әртүрлі зиянды заттектермен ластануы. Биосфераның ластануы ғылыми техникалық үдеу кезеңінде өндірістің дамуымен көбейе түсуде. Ластану деңгейі адам қоғамының әрекеттеріне байланысты әлемнің әр аймақтарында әр түрлі: бір аймақтарда атмосфера көп ластанса, бір аймақтарда – мұхиттар, басқа аймақтарда жер беті қатты ластануда. Ластағыш заттектер түрлері де әр түрлі: бір аймақтарда шаң-тозаңмен ластанса, бір аймақтарда радиация қаупі мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет