«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша


Тұрғындарды көшіру және қала сыртына орналастыру



бет57/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1

Тұрғындарды көшіру және қала сыртына орналастыру.
Адамдарды қала сыртына орналастыру дегеніміз- соғыс жағдайында обьектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларды және қызметкерлерді жұмыстан босаған уақыттарда ұйымдасқан түрде қала сыртына тасымалдап жүру және бөліп – бөліп орналастыру.
Адамдарды көшіру дегеніміз – эвакуациялау, қаладан, зақымдалған аймақтардан тұрғындарды белгілі бір уақытқа тұрақты түрде қала сыртына орналастыру.
Адамдарды көшіруді ұйымдастыру.
1 Өнеркәсіптік принцип бойынша жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасыларын.
2 Өнеркәсіппен байланысы жоқ тұрғындарды территориялық принцип бойнша көшіреді.
Тұрған жерлеріне байланысты көшіру жұмыстарымен азаматтық ьқорғаныс штабы ( объектінің) және көшіру комиссиясы жүргізеді.
Тұрғындарды көшіруүшін транспорттың барлық түрлерін пайдаланады:
Темір жол транспорты, су транспорты, теплоходтар, жүк вагондары, жүк кемелері, баржылар, автобустар.
Тұрғындарды көшіру план бойынша жүргізіледі.
Көшіру органдары
*Көшіру комиссиясы – республика, облыс, қала,қалалық ауданда, мекемелерде, ұйымдарда, құрылады. Көшіру комиссиясының төрағасы бірінші басшының орынбасарларының бірін тағайындайды.
*Көшірілгендерді қабылдау комиссиясы ауданда, ауылдық жерлерде көшірілгендерді орналастыратын территорияда құрылады.
*Жиналу пункті. Ірі обьектілерде эвакуациялық жиналу пункттері ұйымдастырылады. Олардың атқаратын қызметтері:
көшірілетіндерді тіркеу және отырғызу пункітіне жөнелту (әртүрлі транспортпен)
*Көшірудің аралық пункттері. Көшірілген тұрғындарды қысқа дем алдыру үшін құрылады.
* Көшірілген адамдарды қабылдау қабылдау пункттері. Көшірілгендерді орналастыру үшін түсіру пункттерінде ұйымдастырылады . Қабылдау комиссиясын ұйымдастыру әкімшілігіне жүктеледі.
Жаяу жүру тәртібімен де көшіріледі. Жаяу жүру тәртібі: колоннада 300-1000 адам болады, немесе 50-100 ге дейін группаларға бөліп тастайды. Жүру жылдамдығы 4-5 км / сағ, жүру уақыты бір күн, әрбір 1-1,5 сағатта 10-15 минут үзіліс жасап отырады.
Медициналық көмек: 1-2 медицина қызметкері (1 поезға, 1 колоннаға)
Тұрғындардың көшіру ретін анықтау үшін оларды үш топұа бөледі.
1 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
2 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қауіпсіз аймақта жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
3 топ студенттер, мұғалімдер, пенсионерлер, жұмыссыздар, коммерциялық структураның, мемлекеттік емес мекемелердің жұмыскерлері т.б.
Көшіру түрлері
*Жекелеп көшіру.Жалпы көшіру басталғанға дейін тұрғындарды алдын-ала бөліп көшіру
* Уақытша көшіру. Тұрғындарды т.ж. туындау қауіпі болғанда қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа уақытша көшіру
*Көшірілгендерді жинақтап орналастыру( рассредоточение). Соғыс жағдайында категориялы қалалардан жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет