Жер сікінісі
Жер сілкінісі – қаһарлы , кездейсоқ құбылыс және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пенжарылыс нәтижесінде пйда болады және әлеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі жанартаулық,денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жер сілкінісі қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен краст үңгірлердің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жер сілкінісі литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде , Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.
Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді.
Табиғи жер сілкінісі табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде туындайды: тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, үлкен метеориттердің құлауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар т.б.
Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарлыстар, жер асты үймереттердің бұзылуы, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т.б.
Жер сілкінудің негізгі сипаттамалары
Гипоцентр – жер астында сілкініс басталған орын
Эпицентр – гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы.
Сілкіну ошағының тереңдігі – жер бетінен гипоцентрге дейінгі қашықтық..Терең емес сілкіністерде ошақтың тереңдігі5-40км, тереңінде 500км дейін.
Күшті дүмпулердің ұзақтығы – орташа сілкіністе 2-ден 5 секунқа дейін,күштісінде 20-90секунд.
Жер сілкіну ауданының радиусы – орташада 5-15км, күштісінде 50-160км.
Жер сілкінудің интенсивтілігі – белгілі бір жердегі жер сікінісінен болған шығынның дәрежесі, балл.
12 балдық халықаралық шкала бойынша жер сілкінісінің сипаттамалары:
1балл – елеусіз сілкініс, аспап арқылы тіркеледі
2балл – әлсіз дірілді жоғарға қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді
3 балл - әлсіз, дүмпуі аз ғана адамға білінеді, терезе дірілдеп, іле шамдар теңселеді, жекеленген адамдар ғана сезеді
4балл – елеулі сілкіну ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді – есік-терезе, ыдыс-аяқ, үй қабырғалары, шкаф, кереует сықырлайды.
5балл – дүмпуді барлық адамдар сезеді-
6 балл – күшті сілкіну – діріл жүруге кедергі келтіреді ғимараттар теңселеді (бүлінеді), сылақтарда жарықшақ пайда болады
7балл – адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, пенелдер арасындағы қилыстар жарылады
8балл – адамдар өзін-өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады,ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды, қирату күші мол сілкініс
9балл – адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жаппй зақымдалады;
10балл – ғимараттар толық қирайды; жойқын сілкіну,
11балл - апат;
12балл – жер бедерінің қатты өзгерісі
Кесте1 Жер сіліну кезіндегі ғимараттардың бүліну дәрежелері, балл
Құрлыстар мен ғимараттардың атаулары
|
Бүліну дәрежелері, балл
|
әлсіз
|
орташа
|
күшті
|
Кірпіштен(тастан) салынған 3 қабатты және одан көп
|
5-6
|
6-7,5
|
7,5
|
Кірпіштен(тастан) салынған 1-2 қабатты
|
6-7
|
7-7,5
|
7,5-8
|
Ағаш қаңқалы ғимараттар мен құрлыстар
|
5
|
6
|
6-7,5
|
Көп қабатты металл қаңқалы немесе бетон (темір-бетон) панелдерінен салынған
|
5-6
|
6-7,5
|
7,5-8
|
Достарыңызбен бөлісу: |