2. ДӘРІСТЕР
Дәріс–маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа материалдарды баяндауда қолданылатын форма.
Дәріс №1
Такырып: Экология - организмнін коршаған ортамен карым-катынасын зсрттейтін іргелі жаратылыстану пәні.
Жоспар:
Экологияның аныктамалары.
Экологияның калыптасу тарихы.
Экологияның бөлімдері.
Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табигатты түрлендірудегі ғылымның орны. ХУШ-ХІХ ғасырларда жаратылыстанудын ғылыми негіздерінің қалыптасуы. И.В.Гете мен Ж.Б.Ламарктың организмдсрдің эвюлюциясы туралы идеялары. А.Гумбольдт пеи Ч.Дарвин - осы күнгі биогсография мен экологияның жол бастаушылары. Э.Геккельдің экологияны дербес ғылым саласы дережесіие көтеруі. Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның катысуымен шешілетін тсориялык жэне қолданбалы меселелер.
Экология пәніне кіріспе.Экология тірі агзалардың бір-бірімен және
қоршаған ортамен қарым-катынасын зерттейтін биология ғылымының саласы.
«Экология» (гр. оікоз - үй, түрақ, мекен; 1о§оз - гылым) терминін ғылымга алғаш 1866 ж. неміс галымы Эрнест Геккель снгізді. Экология дегеніміз-тірі
агзалардың бір-бірімен жэис коршаган ортамен қарым қатынастарын зерттейтінгылым. Экологияның казіргі кездегі мазмүны өте күрделі. Экология ғылымының ең басты максаты биосфера шегіндегі ғаламдық меселелерді бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрактылығын сақтау. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялык макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) жене олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістсрі жатады.
Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде элемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы карым-қатынастарды үйлестіре отырып, табигат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұргыдан негіздеу.
Экология ғылымынын негізгі міндеті - популяция, биоценоз жэне экожүйені динамикалык зерттеу. экологиялык үрдістердін заңдылыктарын ашу. индустриализация және урбанизапия жагдайындагы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Экология биологиянын саласы ретінде XIX г. ортасында пайда болганмен, жеке ғылым ретінде XIX г. аягы мен XX г. басында қалыптасты. Жаратылыс турапы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектсрінде келтіріледі. Мысалы. Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын сңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-кұлығына талдау жасайды. Аристотель шәкірті Т.Эрезийский казіргі Жерорта теңізінін жағалауындагы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.
XV г. аягы мен XVI г. басы Ұлы географиялык ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымсн Индияга жетті. Ал 1519-1521 жж. Фериан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.
XVIII г. соңы мен XIX ғ. басында қоршаган ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталык жэне Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыкка шыгарды. Онда галым өсімдіктердің өсуі мен оркеи жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенің ашып көрсетті.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.П.Бекстовтың еңбектсрінде тереңдете түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вериадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстін үлесі жоғары болды.
Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
климаттың өзгеруі;
тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;
озон қабатының тозуы;
жылулық эффект;
қышқыл жауын-шашындар;
биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;
Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
Ауаның ластануы;
Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;
Жер ресурстарының мәселері;
Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;
Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.
Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
З.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.
Экология ғылымының даму кезеңдері:
I кезең де (1707-1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
II кезеңде (1924-1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне
көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
III кезеңде (1980-2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалык,
нарықтык жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |