Топқа бөлу “Мұхиттар» Оқушыларға 4 мұхит және сол мұхиттарға құятын өзендер жазылған қағаз таратылады. Оқушылар парақшада жазылған өзендер арқылы мұхит тобына жиналады.
Әр топ өз аттарымен аталатын мұхиттарды картадан көрсету қажет.
1-топ Үнді мұхитын картадан анықта
2-топ Тынық мұхитын Картадан анықта
3-топ Солтүстік мұзды мұхитын анықта
4-топ Атлант мұхитын картадан анықта
Ой шақыру (әр топқа 1 сұрақтан қойылады)
Табиғатта үш күйде кездесетін зат(1-топ)
Гидросфера дегеніміз не?(2-топ)
Гидросфераның құрамдас бөліктері қандай?(3-топ)
Ғаламшарда ащы су мен тұщы су қалай таралған?(4-топ)