« Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің №1 мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Экология» таңдау курсының бағдарламасы Сыныбы: 6
Пән мұғалімі:Жанназаров Н.Т.
6-сыныпқа арналған «Экология» таңдау курсы
Түсінік хат Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.Осы орайда биология пәнінің негізгі мазмұны тірі ағзалардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, өсімдіктерді жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғынуға бағытталады.
Экология негіздері курсының бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасалған.
6 сыныпқа арналған таңдаулы курс бағдарламасы, жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан. Бұл бағдарлама болашақта биология саласы бойынша мамандық таңдауға, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.
Бағдарламаның мазмұнында жалпы экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыс, экологиялық қауіп-қатер мәселелері және оны шешудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, экологиялық тұжырымдамаға сүйене отырып, оқушылардың экологиялық сана-сезімі мен мәдениеті қалыптастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген.
Бағдарламаның мақсаты: Қоршаған орта мен табиғат, жергілікті жердің экологиясы мен өсімдіктерін, жануарларын, Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық жағдайлар мен оларды шешудің оңтайлы жолдарын жан-жақты қарастыру негізінде ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру.