Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


ІІІ. Тәжірибелі – эксперименттік жұмыстың нәтижелері



бет27/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
балау диплом

ІІІ. Тәжірибелі – эксперименттік жұмыстың нәтижелері.

Оқушылар экологиялық білім мен тәрбие беру экология арнайы курсы сабақтарындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті. Ол арнайы жасалған эксперимент жоспары бойынша жүргізіліп, тәжірибелік жұмыс 2003-2005 оқу жылдары аралығында өткізілді. Тәжірибе жұмысына негізінен Қызылорда қаласының №251 орта мектебі мен Жарқайың ауданы Ш. Уалиханов орта мектебінің 8-9-10-11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы экспериментке қатысқан оқушылар саны – 255.

Бірінші кезеңде 2003-2004 ж.ж. жүргізілген жұмыс іздену бағытында болды, яғни анықтау кезеңі 8- сыныптарда химия сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Олардан анкеталық сұрақтарға жауап пен бақылау жұмыстары алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыларға үйренбегендіктерін анықтадық.

Ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары барысында сабақтарды өткізу нәтижесінде эксперименттік сынып оқушыларының басқа пәндермен экологиялық білім деңгейлерін салыстырғанда, бір-бірінен біршама айырмашылықтары бар екеніні көзіміз жетті.

Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық Жоғары деңгей: экологиялық білімі берік, терең, саналы, жүйелі түрде «Табиғат - қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғатты экологиялық жағдайлардың себеп-салдарын аша біледі. Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақта оны қорғауда барлық уақытта белсенділік көрсетпейді. Төменгі деңгей: экологиябілімін меңгерген, тбаиғатты қорғауға кереектігін түсінеді. Бірақ оны іске асырмайды.

Алған білім көлемін тексеріп қорытындысын талдаған уақытымызда тәжірибелік-эксперимент жұмысының бас кезінде оқушылардың білім сапалары 20,7% - тен аспады, яғни білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды.Олар табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, зиянды химиялық қалдықтармен уланғандығын табиғатанудан, биологиядан, географиядан, химиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бүұның себебі бұл пәндердің мазмұндары экологиялық мәселелерді шешуге олық бағытталмаған еді. Тәжірибелік – эксперимент жұмытарды өткізу барысында эксперименттік сыныптардағы экологиялық білім берудің әдістемелік жүйесі тексерілді. Осының нәтижесінде бірнеше жыл бойы оқушылардың жас ерекшелігін, өмір тәжірибелерін ескере, тиімді әдістері мен тәсілдерін талдап отырдық. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі қалыптастыра отыра, оқытудың нәтижесінде білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық мәселелерін шешіп, соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарылағандығын байқадық.

Мәселен, тәжірибелік-экспериментке дейінгі кезде оқушыладың экологиялық білім деңгейлері тек қана төменгі деңгейде болса, онда кейін бұл аталған сыныптар 39,4 % оқушылар жоғарғы деңгейде болса, 31-46 % оқушылар орта деңгейге көтерілді, ал төменгі деңгейдеің көрсеткіштері 45-13,8% кемдігіне көзіміз жетті. Тәжірибелік-эксперименттік өткізу кезінде оқушылардың экологиялық білімдерінің сапалық және сандық көрсеткіштерінің едәуір өскендігін дәлелдедік.

Біз талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеумен бірге оқушылардың білімін тексеру үшін тестік әдіс пайдаландық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет