Қышқылды жаңбырдың түзілу механизмі
Күкіртті газ
SO2
Күкіртті қышқыл H2SO3
Су буы
Фотохимиялық су буының құрамындағы
тотығу О2+hv оттегімен тотығуы
Көмір, мазут құрамындағы қосылыстардың жануы.
Күкірт қышқылы H2SO4
Күкірт ангидриді SO3
Көмірдің құрамында болатын Mg, Fe және тағы басқа металдардың жануы.
дымқыл ауа
Металл Дымқыл
сульфаттары ауа
Қышқылды Қышқылды Қышқылды
шық тұман жаңбыр
Күкірт (IV) оксиді фотохимиялық тотығу үрдісінен кейін (күкірт ангидриді) SO3 айналады.
SO2 + О2 = 2SO3
Ол атмосферадағы су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылының буын түзеді:
SO3 + H2O = H2SO4
Күкірт (IV) оксидінің негзгі бөлігі қышқылды полтгидрат SO2 n H2О, яғни күкірт H2SO4 түзеді.
SO2 + H2O = H2SO3
Күкіртті қышқыл дымқыл ауада біртіндеп күкірт қышқылына айналады.
2 H2SO3 + O3 =2 H2SO4
Күкірт және күкіртті қышқылдың атмосферадағы үлесі 2/3, қалған азот және азотты қышқылдар құрайды, олар азот (ІҮ) оксидінің су буының әсерінен түзіледі.
2NO2 + H2O = H NO3 + HNO3
Басқа қышқылдардың түлі атмосфералық мониторинг бойынша анықтамай отыр. Қышққылды жаңбырдың әсерінен өзен-көлдердің қышқылдығы артып, онда тіршілік ететін тірі ағзалар дүниесі азаяды, егер рН11 жетсе, мүлдем тірі организмде тіршілік ете алмайды. Атмосферадағы қышқылдар кацерогенді болғандықтан адамдарға әр түрлі аурулар туғызуы мүмкін. Ауада SO2 -0,5 мг/м3 болса, ал 6,8 мг/м3 болса, әрбір адамға қауіп төнеді екен.
Көміртегі көмірқышқыл газын қарастырғанда СO2 –ның қышқылдық сипатын, көміртегі биогеохимиялық зат айналымындағы ерекшелігі көрсетіледі.
Оқушылардың назарын әсіресе мынадай негізгі аспектілерге аудару керек.
Фотосинтез үрдісі кезінде продуценттер көміртегіоксидін органикалық заттарға айналдырады, ал редуценттер көміртегі (ІҮ) оксидін атмосфераға қайтадан қайтарады.
Құрлық және мұхит биомассасы әлі де болса артық мөлшердегі көміртегі (ІҮ) оксидін сіңіре алады.
Табиғатты қазіргідей пайдалана берсек, табиғи байлықтарды мөлшері жылдан-жылға кеми береді.
Барлық органикалық заттар жанғанда көміртегі (ІҮ) оксиді түзілетінін
экологиялық мазмұнды есептер шығаруға болады. Мысалы, мына берілген газдардың 1 литрі жанғанда бөлінетін жылуды анықтаңыз қай газдарды отын ретінде пайдалану тиімді ?
Метан мен ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеулері.
СН4 + 2О2 = СO3 + 2Н2O + 880 кДж
2С2Н2 + 5О2 = 4 СO2 + 2Н2O +2610кДж
Осы типтес есептерді шығару оқушылардың экономикалықта, экологиялық жағынан да тиімділігін анықтауға үйретеді. Химиялық өндірістерді қарастырғанда экологиялық мазмұнды есептерді өнім шығымының теориялық мүмкіндігімен салыстыра отырып шығарту болады. Мысалы, аммиак өндіру зауытында жоспарланған аммиак – 17% құрайды. Әр түрлі кемшіліктерге байланысты 1% аммиак ысырап болады. Егер 60 кг сутек реакцияға пайдаланылса, ысырап болған аммиактың массасын анықтаңыз. Амиак ауаға таралып, қандай зиянды әсер туғызады? Су қоймасын, өзен-көлді ластаса ше?
Осы типтес есептерді оқушылар күнделікті ақпарат құралдарын пайдаланып, өздері құрастыра алады.
Химиялық эксперименті сабақта пайдалану теориялық материалды толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды химия және экологияға қызықтырады.
Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оны алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр . Олардың негізгілері – дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту , энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану . Ауаның , судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады . Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты , әрі өнеркәсіп орындарында қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу , тұйық жүйе бойынша жұмыс істеуге көшуді талап етеді . Жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану . Электр энергиясын өндіруге экологиялық таза , табиғи энергетикалық қорларды пайдалану , атап айтқанда , күн энергиясын , жел , теңіз толқындарын пайдалану . Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның ластануын азайтып , қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді .
Сондықтан орта мектепте химия пәніне әрбір тақырыпты экологиямен тығыз байланыстыра оқыту болашақ қоғам иелерінің экологиялық сауатты болуына септігін тигізеді .
Достарыңызбен бөлісу: |