Мазмұны.
Кіріспе ................................................................................... 3
І. Білім беру жүйесіндегі экологиялық
оқыту мен тәрбие ................................................................. 6
Экологияны қазіргі кезеңде зерттеудің әдістері...........
1.1.1. Әлеуметтік экология .....................................................
1.1.2. Жаратылыстану, гуманитарлық пәндерде
экологиялық білім мен тәрбие беру ..........................
Экологиялық білім мен тәрбие берудің
ғылыми-педагогикалық негіздері ................................
ІІ. Химиялық – экологиялық білім берудің қазіргі
негізгі аспектілері ..............................................................
Химиялық өнімдер – тұрмыста .....................................
Жер биосферасы және химия ........................................
Адам организміндегі химиялық элементтердің
мөлшері, атқаратын қызметі ........................................
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі
экологияның мазмұнды сандық есептердің ролі ........
ІІІ. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының
нәтижелері ........................................................................
IV. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша тақырыптар.
Кіріспе
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны аян. Қазақстан жеріндегі экологиялық апаттың қауіп қатеріне байланысты экология мәселесі бүкіл республика жұртшылығының, соның ішінде мектептен бастап, ғылыми мекемелердің, әкімшіліктің, Елбасының көкейтесті проблемасына айналып отыр. Осыған орай «Қазақстан 2030» даму стратегиясына Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы бар. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03. 03. 1998 жылғы № 137 қаулысына сәйкес жүзеге асырылған).
Сондықтан бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданған. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестілігін ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай біле алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеудіңі маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға ұғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі – экологиялық мәселелердің бірі, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030-жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бермегендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. .[ н.ән]
Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара,
Қазіргі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқа адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстары өте орынды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады. Ал баларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңеутуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту осы қажеттілікті қанағаттандыра алады. Сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы мектепте оны қорға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізгі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.
Осы орайда елімізде жас өспірімдерге экологиялық үздіксіз білім беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуына өте орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:
Туған еліміздің табиғаиымыз бен оның табиғи ресурстарымен ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы және ластануы, себепсіз сарқыла бастауы;
Республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі;
өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;
экологиялық білім тәрбие және мәдениетің қалыптасуы мен тұрмыстық қажеттілік мақсатындағы табиғаттың пайдалану сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай
қажет.?????? Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ортасы болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жасөспірімдерді жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам – қоғам – табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу.
Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Экологиялық білім беру - өте күрделі процесс.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Оқушыларды қоршаған табиғи ортаның өзімен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру және үздіксіз экологиялық білім берудің тиімді жолдарын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |