Әлеуметтік экология.
Әлеуметтік экологиядағы теория мен өзара қатынасы мәселесін
талдағанда маңызды философиялық – методологиялық мәселеде В.Д. Камароы сияқты ғалым, Ю.Г. Марковтың бағытымен келіспейтінін атап өтеді. Ю.Г. Марков пікірінше қоршаған орта жөніндегі білім әлеуметтік экологияда осы ортаны басқару үшін қажет. Әлеуметтік экология түрі процестегі пәнаралық зерттеулерден шығады. Оларды біріңғай байланыстыру функционалдық тәсілді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен зерттеу құбылыстың ішкі, мазмұнды жақтарынан олардың арасындағы затай және ақпараттық тоғыстарды зерттеуге, ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылымның бағытына талдау жасайтын методологиялық әдебиеттерде білімді синтездеудің түрлі әдістері ерекшеленуде, ал олардың әрқайсысында жүйелік әдістің ролі біркелкі емес. Әрине, білімді синтездеудің барлық процестердегі өзара әрекетпен бірлікте болады. Алдыңғы орынға синтездің қандайда да бір түрін швғару түрлі мәселелерді шешудегі сұраныстарға байланысты. Жинақты синтезге бірыңғайлвқ пен кешенді әрекеттердің мәселелері тән.
Пәндік жүйелік бағыты тұрғысынан зерттеу практикалық қызметті арнайы ұйымдастыруды қалады. Жүйелік паринципі бойынша ұйымдастырғанда кешендік тәсіл ерекшеленеді. Кешенді тәсіл ғылыми білімді синтездеу саласындағы жүйелік тәсілдердің бір түрі. Осы жерде «жүйе» және «кешен» ұғымдарына түсінік берелік: «жүйе» ұғымы методологиялық әдебиеттерде талқыланған.
Кешен – адамға қатынасының тұтастығын құрайтын заттардың құбылыстарын немесе қасиеттердің жиынтығы. Жүйе бірдей объектілер болады, олардың қызметі, қасиеті түрліше келеді.
«Қоғам-адам- техника-табиғи орта» сияқты әлеуметтік экологияның орталықтағы қатынасының материалдық жүйелілігі мәселелсін қарастырсақ, жүйелік қатынаста, біріншіден, не материалдық не идеалдық элемент болады. Екіншіден, жүйенің басты белгілері элементтер арасындағы байланыс.
Әлеуметтік экологияға методжологиялық талдау жасағанда ғңана кешенді тәсілді қолдануға болады. Кешендік тәсілді ғылыми зерттеулердің жаңа әдісі ретінде қолданғанда бірқатар объективті алғышарттарға сүйенеді, оның бірі зертттелетін құбылыстардың барлық жақтарының органикалық өзара байланысы.
Бір зертттеудің шеңберінде түрлі ғылым қолданып, пәнаралық байланыс болады. Мысалы, қазіргі кездегі көкейтесті экологиялық мәселеге барлық ғылымның қатынасы бар. Сондықтан біз қазіргі экологиялық білімнің құбылысына енетін кешенді ғылыми пәндерді атап кетелік. Олар: топырақтану, табиғатты қорғау ілімі, қазіргі гигиеналық ғылым.
ХХ ғасырдың 60-*жылдардан бастап шектеулі табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану қажеттігі туралы ұғым қалыптасады, экологиялық ойлау адаммен және оның жаратылыстану жүйесіне тәуелділігімен айналысты, Кең мағынада «экология», «адам-қоршаған орта» қатынасы туралы ілімнің баламасы.
Жалпы экология пәнінің промлемаларымен көптеген мамандар бұл пәннің мәні табиғи ортадағы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің қызметін басқару мен байланысты мәселені қарастыру деп есептейді. Осы мағынада жалпы экология тірі организм мен ол өмір сүретін ортаның өзара қатынасы мәселелерін биологиялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Алайда ХХ ғасырдың басында жалпы экология пәніне адаммен байланысты процестерді қосу арқылы кеңейту қажеттігі туды. Бұл бағыт батыстық мектептерде өз көрінісін тапты. Мысалы, француз мектебінде «адам географиясы», Чикагоның әлеуметтік мектебінде «адам экологиясы» немесе «әлеуметтік экология». Осы мектептер шеңберінде жиырмасыншы жылдардың аяғында бұл зерттеудің негізгі нәтижелері алынды. Елуінші жылдарда алғашқы халықаралық конференциялардың бірінде қоршаған ортаны өзгертудегі адам рөлі көрсетіліп, адам экологиясы пәні деп, «тұрғвн халық пен қоршаған орта арасындағы өзара байланысқа» талдау жасау деп түсіндірілді.
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың кешенді тұратын жаңа ғылыми пән ретінде әлеуметтік экология кең түрде баяндалады. Ол өзінің өмір сүру ортасын қалыптастырудағы адамның рөлі қандай деген мәселемен тікелей айналысты. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік экология жөніндегі мәселелер шиеленісе түсті.
Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара қатынасты талдау методологиялық тәсілді талап ететінін айтады, олардың өзара қатынас тарихы, негізгі тенденциялары, заңдылықтары динамикалық құрылысы айтылады. Қоғам мен табиғат өзара қатынас бірінші кезектегі күрмеуі көп болғандықтан зерттеуші экологиялық қиындықтардың «дәмін татып қателесумен» немесе концептуалды шешімдермен шектелгісі келмейтіні даусыз.
«Қоғам мен табиғат» жүйесіндегі мәселелерге талдау жасайтын ғылыми пәнді түрліше айту ұсынылған: тарихи қалыптасқан ұғыммен атау - әлеуметтік экология немесе адам экологиясы, сонымен бірге «ғаламдық экология», «ноология» тағы басқа терминдермен атау. Терминологиялық бірлік жоқ, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы жөніндегі ғылымның ерекшелігі жөнінде де нақты түсінік жоқ деуге де болады. Кейбір химиялық мәндегі десе, екіншілері интегралды мәнде дейді, ал үшіншілері экологиялық мәселелердің тиімділігіне көңіл бөледі. Көптеген зерттеушілер табиғат пен қоғам арасындағы өзара негізінде арнайы кешендік әлеуметтік-жаратылыстану пәнін жасауда талап етеді деген шешімге келді.
Әлеуметтік экологияныі бірінші негізгі дерегі қазіргі химиялық революция және биосфера ілімінің дамуы. Биосфера ілімінде химиялық қана емес, физикалық, антропологиялық, космологиялық білімдер синтезделеді.
А.Дубровтың зерттеуінде геомагниттік өрістегі өзгерістердің адамға, хайуанаттарға, өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсері жөніндегі мәліметтерді келтіреді. Ол геомагнитохимия деген жаңа ғылыми терминді бекемдейді.
Ал, В.И.Вернадский тірі организмді ұйымдастырудың төрт негізгі көрсеткен: орган өзгергіштігі, жалпы түрі, биоценотикалық, биосфералық. Алғашқы екеуі ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ. биологияның дамуына негіз болды. М.Г. Чепиков көрсеткендей қазіргі революция «биология-химиялық атомастикадан» баталады да жаңа синтетикалық ғылымның молекулярлық биологияның қалыптасуына әкелді. Биолоогияның осы молекулярлық деңгейдегі зерттеуге шығуы – қазіргі революцияның бір себебі.
Қазіргі кезде тіршілік жөніндегі білімді синтездеуге сұраныстың болғандығынан биологияның ерекше саласы биотиканыңжеке шығуы керек деген ойлар айтылған. Организмнің ортамен белсенді түрде өзара әрекет етуі қазір мойындалуда. Осы ішкі сыртқы диалектикалық бірлікте биологиялық жүйенің белсенділігі ішкі факторлардың жетекші ролін анықтайды.
Биосфера жөніндегі ілімнің дамуының қозғаушы күші оның химиялық ластануымен күресінің етек алуы болып табылады. Осыған сәйкес зерттеулер өндірісті қайта құрумен адамның табиғаипен қатынасын оптимизациялвуды қажет еткенде әлеуметтік экологияға деген сұраныс күшейді. Мұндағы оның негізгі дерегі биосфера туралы ілім. Егер биотехносфераның пайда болу тарихи жағынан сөзсіз болса, онда биосфераның бұзылуының алдын алуға болады. Осыған байланысты биосфера жөніндегі ғылымды жаратылыстану, техникалық, қоғамды ғылымдар көмегімен экологиялық жүйеге талдау жасап толықтыруға болады. Кез-келген ғылым жеке өзі биосфераны сипаттай және әрекеті мәселесін кешенді түрде көңіл бөле отырып, И.Б.Новик сәйкес келетін ілімдерді синтездеудің қажеттігін және ондағы философияның маңызын көрсетті. Экологиялық мәселені шешу тек «гигиеналық» әдіспен жүзеге аспайды. Оның жаратылыс-ғылыми және техникалық жақтары философиямен қабысып жатады. Биосфера туралы ілімфизика мен химияның жетістігін ғана емес, биологияның да жетістігін интеграциялау ретінде қаралу керек. Материяны биологиялық ұйымдастыру төменгі деңгейдің қозғалысын басқарады. Антропогендік фактор биосфераның бағыттылығына, ұйымдасуына әсер етеді. Сонымен бірге материяны қозғалысының жоғары формасын әкелуші ретінде көрінеді. Бұл жерде, әсіресе, әлеуметтік экологияның, эволюциялық экологияның, экологиялық цитофизиологияның және тағы басқа кешенді білімнің салаларының қалыптасуының маңызы зор. Сонымен әлеуметтік экологияның бірінші дерегі биосфера туралы қазіргі ілім және эволюцияның синтетикалықтеориясы.
Әлеуметтік экологияның екінші дерегі қазіргі техникалық білім. Техника ғылымдары техникамен, экономикамен, социологиямен, философиямен бірігіп жалпы интеллект саласын құрады. Біз техниканы ғана түсінбейміз, өзінің сұранысмен адамзат танымын эксперименталды техниканы да ескереміз. Сондықтан бірге еңбектің және ғылымның прогресті негізінде пайда болған материалдық жүйенің жиынтығы ретінде техниканың жалпы қызметін де айтамыз. Қоғамның рухани қызметі өндірістік, қоғамдық-саяси тиімді саласындағы ерекшелігі адам мақсатында қол жеткізудің материалдық құралы ретіндегі тиімділігінде. Оның бұл ерекшелігінің мәдени құралдармен салыстырсақ, техникада объективті шынайы білімдер ғана жүзеге асады. әсіресе, техниканың маштналық кезеңінде нақты жүзеге асады.
Қазіргі қоғамдық ғылымдардың нәтижелері әлеуметтік экологияның негізгі емес деректері де бар, оның бірі пәнаралық зерттеулер. Кейбіреулері әлеуметтік экологияны арнайы ғылым емес, ол – экологиялық мәселелерді пән аралық негізінде қарастыру деп түсінеді. Мұндай пікірлермен келісуге болмайды, себебі пәнаралық зертеулердің басты мақсаты кейбір проблемаларды ғана шешу, одан кейін «пәннің уақытша творчествалық жинақтауы» жойылады. Әрине, кез келген пәнаралық экологиялық эерттеулердің нәтижелері мен әдістері әлеуметтік экология үшін пайдалы екенін жоққа шығаруға болмайды.
ХІХ-ХХ ғ.ғ физика, химия, биология ғылымдарының дамуымен географияға осы ғылымдардың зерттеулері енді. Оның нәтижесі геофизиканың, биогеографияның тағы басқаларының қалыптасуына алып келді. Осындай кешендеу барысында географияда жеке теорияның қалыптасуына алып келді. Осындай кешендей барысында географияда жеке теорияның көптеген жақтары іс-жүзінде немесе потенциалды түрде басқа ғылымда жасалған тұжырымдармен байланысты. Қазіргі физикалық география әлеуметтік экономикалық география пәндерінен жинақталан ғылыми білімдердің күрделі кешені. Ғылымда кешенді зерттеулердің дамуымен, жаңа объектілердің пайда болуымен географияда экономикалық географияға жаңа мазмұн беріп, тығырықтан шығуға болады де, «экономикалық географияны», «әлеуметтік-экономикалық» деп атады. М.Н.Межевичтің пікірінше, әлеуметтік-экономикалық географияның маңызды объектісі – жасанды орта. Экономикалық, әлеуметтікжәне физикалық географияны салыстырып, оларды жалпы география шеңберінде біріктіру мәселесі қойылды. Осыны анықтағаннан кейін қазіргі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде географияның рөлін көрсетуге мүмкіндік бар деген орынды. География ғылымы әлеуметтік-экономикалық білімнің құрылысында өзінің лайықты орны алады. Егер табиғи ортаны қорғау, сақтау жөнінде болса, біздің назарымызда болатын негізгі объект – табиғат.
Әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасаған Ю.Г. Марков оның методологиялық проблемаларын шешуге де өз үлесін қосты. Оның пікірінше әлеуметтік экологияның мәселелерін стихиялы зерттеуден зерттеу жүйесіне көшудің пісіп жетілгенін айта отырып, мынаның қажет екенін көрсетті: біріншіден, экология мәселелерінің пәнаралық мәнін мойындау, екіншіден, міндетті түрде компьютерлік моделдеуді қалыптасатыру методологияда бағдарламалық – мақсаттық тәсілді қолданудың маңызды шарты.
Әлеуметтік – психологиялық және әкімшілік – құқықтық тәсілдегі қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік – психологиялық және әкімшілік-құқықтық тәсілдегі қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік дасайды. Әлеуметтік экологияның дамуы қолданбалы зерттеулерді жүргізудің бағдарламалық формаларын таратудың дәрежесіне байланысты.
Ю. Марков өз кітабында кибернетикалық тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік экология адам мен табиғат арасындағы қатынас мәселелерін жан-жақты есептеуге көңіл бөлгенін, әлеуметтік табиғи қатынастың можелін жасап, осы негізде дайындап, басқару шешімдерін қабылдайтынын айтқан. Өз мақсатын білген зерттеуші оған қол жеткізудің жақсы әдісін іздейді. Мақсатты анықтаудың өзі күрделі нәрсе. Оны жүйелік анализ деген ғылыми пән, арқылы жасауға болдаы. Жүйелік анализ операцияны зерттеу мақсаты мен осы зерттеуді дамытуға себін тигізеді.
Сонымен, әлеуметтік-экологиялық зерттеу кешендік тәсілдің белгісі болып табылатын пәнаралық байланысты жүзеге асыруды талап етеді. Әлеуметтік – экологиялық білімді интеграциялағанда кешендік тәсілдің рөлі зор. Егер жүйелік әдіс объектінің тұтастығын белгілесе кешенді тәсілдің бір функциясы зерттеу қызметінде тұтастықты әкеледі. Кешенді тәсіл әдісі өзінің ғылыми-практикалық бағытында әдеуметтік – экологиялық зерттеулерде әрі ілгері, әрі қолданбалы деңгейлермен байланысты.
Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті процестерін зерттегенде тиімді әдістің бірі – модельдеу әдісі. Әлеуметтік экология шеңберінде модельдеу әдісі мерзімдік болжамдар құру құралы және әлеуметтік-экологиялық нәтижелердің шындығын текмеру әдісі. Әлеуметтік экологияның әдістерінің бірлігінің объективті қажеттігі олардың әрқайсысы өздерінің танымдық мүмкіндіктерінің шегі болғандығымен анықталады. Әлеуметтік экологиядағы әр әдіс ғылыми танымды біртіндеп тереңдетудің қажетті формасы ретінде қолданылады.
Жоғарыда қарастырылған әдістер танымның жалпы ғылымдық әдістері. Сонда әлеуметтік экология әдістерінің ерекшелігі неде десек, бұл ғылымныңинтегративтікмәнімен баланысты. Жүйелік, кешенді және модельдеу әдістері әлеуметтік экология шеңберінде әдістер жүйесін құрайды, сөйтіп бұл әдістерөзара бақылау бірлігінде болады. Ал, ол адамзаттың өмір сүруінің ортасының бірлігімен байланысты. Сонымен, әлеуметтік экологияның зерттеу әдістерін терең талдау бүгінгі күннің экологиялық проблемаларын шешуде өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |