Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі



бет9/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
балау диплом

табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстың мәнін ашуға білімнің ғылыми негізін қалыптастыру қажет.

  • Гуманистік дүние таным рухында тәрбиелеу. Концепцияның мақсаты табиғатты қорғау жұмысында практикалық дағдылар мен дүниеге экологиялық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

    Елімізде экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде көптеген ғылыми

    зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі Н.Сарыбеков. Ол жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеуде халықтық табиғат қорғау дәстүрлерін, мақал-мәтелдерді, аңыз әңгіме, нақыл сөздерді пайдаланудың маңызын көрсетеді. Халықтық табиғат қорғау дәстүрін компоненттеріне қатысты бөліп қарстырады. А.А.Сотников (1998) болашақ мұғалімдерді экологиялық білім беруде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге дайындайды, ал А.Д,Балтаев (1994) пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық тәрьие беруде жауапкершілік қатынастарын қалыптастыру, Д.І.Жангельдина (1995) табиғаттану курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын, Ө.Т. Танабаев (1992) сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларын экологиялық тәрбие беру, ал, С.О.Сабденалиева (1999) оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары туралы зерттеулерін тұжырымдайды.

    Э.А.Т.ұрдықұлов жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру мақсаттарында табиғи қоршаған ортаны қорғайтын ғылым негіздерін игеріп, соның барысында сенімдерін қалыптастырып табиғи байлықтарды үнемдеу, молайту әдет-дағдыларын тәрбиелеу жайлы дәлелдейді. Сабақтан тыс жұмыстарда К.Ж.Бұзаубақова (1997) тағы басқа экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік жолдарын, мазмұндарын мүмкіндіктерін зерделеген.

    Соңғы жылдары елімізде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беретін бағыттағы авторлық бағдарламалар орталық баспа орындарында жарық көре бастады. Мәселен, Ұ.Ә.есназарованың «Географиядан экологиялық негіздегі бағдарлама» (1994) экологиялық білім мен тәрбие беруде өзіндік орын алады.

    Ғалым, профессор ә.С.бейсенованың басшылығымен Ж.Б.Шілдебаев, М.С.Бекбаева ұсынып отырған экология бағдарламасы бірнеше жылдар бойы мектепте тәжірибеде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының кейбір факультеттерінде экологиялық курстар оқытылып жатыр.

    Ал, келешек ұрпақты экологиялық апаттан экологиялық апаттан сақтап, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласып ұрпақ тәрбиелеуде профессор Н.С.Сарыбековтың жетекшілік етуімен «Табиғатты қорғау орталығы» құрылып, онда М.Н.Сарыбеков, Қ.Ж.Бұзаубақова тағы басқа әр түрлі зертеушілер көлемді жұмыстар атқарып жатыр. Н.С.Сарыбеков алты кезеңнен тұратын отбасы, балабақша балаларынан экологиялық сауат ашып, тәрбие берудің мүмкіндіктерін, мазмұндарын ұсынады. Мәселен, әр сәбиді табиғатты қорғауға тәрбиелеу әр тбасында бастау алуы тиіс, балабақша бағдарламарында балалрдың табиғатты түсініп, табиғатты аялау идеясын ендіру.

    Сонымен қатар, ол негізгі және профильді мектептердің 9-10 сыныптарында «Экология және табиғатты қорғау» курсын оқытуды ұсынады.

    М.Н.Сарыбеков болашақ мұғалім-студентерді бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білм беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге баярлау туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әдіс-тәсілдерін саралады.

    Профессор Ә.С.Бейсенова жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше аспектілері ажыратылады:


    • адамның әлеуметтік қатынас жүйесіндегі экологиялық қарм-қатынастың көкейтестілігі. Табиғатты пайдаланудың құқықтық және моральдік принциптерімен байланысты адамның табиғатқа деген жауапкершілік рөлінің өсуі;

    • табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас – экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен нәтижелері;

    • экологиялық білім беруге жалпы мекмлекеттік міндет статусының берілуі;

    • табиғат байлығының шексіздігі және биосфераның өзін-өзі тазарту және қалпына келуі шексіз деген түсініктегі халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін құру және дамыту;

    • жалпы орта білім беретін мектетегі экологиялық білім және тәрбие беру жүйесі және оның жүйе топтамалары: жекелеген оқыту пәндері барысындағы экологиялық білім беру; пәнаралық оқыту түрі арқылы экологиялық білім; тереңдетілегн және дифференциалды оқыту барысында экологиялық білім беру.

    Сондай-ақ, бұл тұжырымдмаларда экологиялық білім мен тәрбие берудің принцинтері талданды.

    Қорыта келгенде, еліміздің экологиялық білім мен тәрбие беру ісі,

    республикамыздағы эколог-ғалым педагогтардың басшылығымен жақсы жақтарынан алға жылжуда. Қазіргі кезде көптеген облыс орталықтарындағы жоғарғы оқу орындарында эколог мамандар даярлайтын факультеттердің жылдан жылға ашылып жатыр. Сондай-ақ, барлық факультеттердің оқу бағдарламасына экологиялық курсты оқыту енгізілген және де жалпы орта білім, арнаулы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім пәндер арқылы немесе экологияны жеке пән ретінде оқыту енгізілген. Болмаса факультативтік сабақтар түрінде жүргізіледі.

    Экологиялық жағынан сауатты ұрпақтар даярлау, ертеңгі еліміздің болашағын, табиғатын тағдырын ойлау болып табылады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет