Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


Экологиялвқ білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері



бет8/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
балау диплом

Экологиялвқ білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері.

Қазақстан республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Елімізідің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды-далалы, шөл-шөлейтті жерлер алып жатыр. Ал, олардың табиғи-тарихи жағдайлары және табиғатты пайдаланудағы қалыптасып отырған күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық шикізаттық жүйесін өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындар ала берсем деген ниет, халық шаруашылығы кешеніндегі өнеркәсіп аумақтарындағы қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы тағы басқа табиғат жүйелеріне және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық ауа, су және жер ресурстары ластанып, бұрын-соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экологиялық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр. Ал, хылықтың экологиялық және әлеуметтік промлемаларын шешуде экологиялық қиындықтар толып отыр.

Демек, экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, элеуметтік қиындықтар туғызып халық шаруашылығы тұрақты дамуыныңбірсыпыра маңызы бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай Қазақстан Республикасының азаматтары Концтитуциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» – делінген.

Ата Заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыруға жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян.

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми-техникалық үрдісі әлдеқашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты. Соңғы кезде, экологияны химия ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылым тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, химия пәні айналадағы қоршаған орта құрамында химиялық қалдық заттардың зияндылығын оқытса, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология қоршаған ортаның экологиялық дағдарысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геогжүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.

Қазіргі уақытта «экология» деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Бұл тарихи тұрхыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы болмысында кездескен алғашқы прблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік-экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдауларымыз ежелгі замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың байлығын молайта түсуге байланысты әр адамның іс-әрекеттерінен көрінбек. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбте беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау – жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы шарттары.

Оқушыларға, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру проблемаларын ХҮІ-ХҮІІІ ғ.ғ ұлы педагогтар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталадци, Ф.Дистервег, А.Гумбольд тағы басқа прогресшіл ой-пікірлері классикалық педагогика баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастырузаңылықтарын негіздеді. Лар баланың бойына имангерлікті дарытушы «табиғат сенімін» тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік-эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын ашты. Прогресті педагогика жеке тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор екенін жоғары бағалай келіп: «.... адамның бүіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған» деген басы ашық пікірді тұжырымдай түседі.

Алысқа бармай-ақ, өзіміздің елімізді алайық. Республикамыздың табиғаты бұрын соңды болмаған өзгерістерге ұшырап отыр.

Нарық пен жаңарудың лебі өскен сайын бүгінгі таңда үкіметіміздің экологиялық проблемаларға баса назар аударып отыр. Соңғы шыққан қаулыларда көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруді іске асыру кейінге қалдырмайтын мәселе екені ашық айтылып жүр.

Осыған орай елімізде көптеген педагог-ғалымдардың еңбектері жарық көріп, өз нәтижелерін беруде.

Теориялық және ғылыми-әдістемелік жағынан экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің эколог-педагогтары Н.С.Сарыбеков пен Ә.С.Бейсенованың зерттеу жұмыстарының нәтижелері аумақты. Мәселен, Ә.С.Бейсенова жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасап, іс жүзінде енгізу шаралары жасалуда.

Бұл тұжырымдама 1997 жылғы «Табиғат қорғау заңында» еліміздің экологиялық жағдайын жақсартудың біраз шараларын айта отырып, бұл заңда экологиялық білім беру мен тәрбиелеуге баса аназар аударылғанын көрсетеді. Қазіргі кезде іс жүзінде әр түрлі ғылым салалырнда экологиялық пікірлер, концепциялар көп айтылып жүр. Экологияландыру адам мен қоршаған орта арасындағы қатынасқа орай химия, география, биология және тарихпен қатар қазіргі кезде көптеген ғылым салаларын қамтиды. «Жалпы халыққа экологиялық білім беру, әсіресе шаруашылық басшыларын дайындау және оларға жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру аса қажет мәселе.» - дейді автор. Яғни, жоғарғы білімді эколог-мамандарды даярлау, қазіргі кезде еліміздегі табиғи ортаның шиеленісіп отырған өмір талабы екенін көрсетеді. Сондай-ақ, экологиялық білім берудегі қиыншылықтарды: шетелдік экологиялық мәліметтердің жетіспеуі, газет-журналдармен таны бомауы, әр түрлі экологиялық мекемелерімен байланыстың болмауы тағы басқаларын көрсетеді де, «Экологиялық тәрбие беруге жан-жақты қарау керек» - деп, көп аспектілі процесс екенін айтады.

Ол үшін:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет