Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


ІІ Химиялық – экологиялық білім берудің қазіргі негізгі аспектілері



бет10/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
балау диплом

ІІ Химиялық – экологиялық білім берудің қазіргі негізгі аспектілері.
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығңының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі – адамзаттың тіршіліс ортасының нашарлауы. Бұл пролема барлық елдерді толғандыруда. Мұны шешудің бірден бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО-ның жіктеуі бойынша формальды (мектептегі білім), бейформальды (мектеп қабырғасынан тыс тұрмыстағы қарым-қатынас т.б.) компоненттерінен тұратын оқу жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі ұстанымы – үзіліссіздікте.

1967-68 ж.ж. ЮНЕСКО «үзіліссіз білім беру» терминін қабылдап, осы салада кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шешім шығарды. Үзіліссіз білім беруді зерттеген ғалымдар көптеп саналады. Олардың қатарында ТМД елдерінен В.М. Назаренко, А.М.Новиков, ал, Қазақстанда Ә.Е. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Н.Сарыбеков, В.И.Фурсов, С.Қ. Сартаев, М.Н. Сарыбеков, Қ.С.мусин, А.Г.Ғалымов, У.Мұқанова тағы басқа ғалымдар да бар. Олар білім берудің үзіліссіздік ұстанымын – жеке тұлғаның ұзақ уақыт (мектепте және өз бетімен өмір бойы) оқып білім алуы және білім беру мекемесіндегі үзіліссіз оқыту үрдісін қарауға болатынын айтты. Р.Г.Дэйв «Үзіліссіз біліи беру – жеке адамның да, қоғамның да өмір бойы орындайтын ісі» деп анықтама берген. Сонымен қоса оның пікірі бойынша үзіліссіз білім берудің вертикалды өлшемінде сабақтастық пен бөлшектенушілік және қарапайымнан күрделіге қарай оқыту болса, горизанталды өлшемінде адам өмірінің әр сатысында «тереңдейтін» интеграция болуы керек. Үзіліссіз білім берудің мазмұны, құрамы мен әдістемесі, оқыту уақыты көп түрлі және икемді болуы керек.

Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және үзіліссіздік ұстанымын тірек етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие беру оның бастапқы сатысы болып табылады. Бұл кезде балаларды, табиғатпен қарым қатынасын біршама барынша келтіретін заттарды сезініп өсуі тиіс. Балалар ересектерге еліктегіш болғандықтан үйдегі отбасы мүшелері мен арнайы тәрбтешілердің өздері өнеге көрсетуге міндетті. Сондықтан қазақ халқының «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейтін даналық қағидасы қалыптасқан. Бастауыш сыныптарда оқушы экологиялық мәдениеттің негізі қалыптаса бастағаннан азаматқа айналады. Оның санасында табиғаттың тұтастығы туралы түсінік, табиғи ортаға ғылыми қатынасы қалыптаса бастайды. Ол табиғи ортада өзін өзі ұстаудың нормаларын және эколоогиялық біліммен қоса әрекеттер элементінің дағдысын игерді. Бастауыш сыныптарды балалар экологпиялық проблемаларды өсімдіктермен, жануарлармен және табиғи объектілермен танысу кезінде кездестіреді.

Оқушылардың мектепетің 5-7 сыныптарында жаратылыстану пәндері арқылы алған негізгі білімі ғылымның әр саласын тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

8-9 сыныптарды табиғатта жүретін, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстармен танысады. 10-11 сыныптарда оқушылардың білімі тереңделеді. Адам өмірінде химия кең көлемде пайдаланылатынына олардың көздері жетеді. Осыдан барып химиялық заттарды дұрыс пайдалана алу қажеттілігі туындайды.

Адамның оқып, білім алуы бүкіл өмір бойы үзіліссіз болуы тәрізді химиялық-экологиялық білім алу да үзіліссіздікпен жүзеге асуы тиіс. Ресейлік белгілі әдіскер-ғалым Г.М.Чернобельская үзіліссіз білім беруде күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі күн өткен сайын пәрменді бола беруі керек екенін айтқан.

Үзіліссіз химиялық-экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте (өмірде) кездесетін химиялық үрдістердің нтижесінде пайда болған заттардың тірі организмдерге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білу деп тұжырымдаймыз.

Менің ойымша, үзіліссіз химиялық-экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мынадай:



  1. химияныңнегізіне сүйеніп, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың арасында болатын құбылыстардың салдарынан туындайтын зиянды ашып көрсету;

  2. химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау;



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет