Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


І. Білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие



бет4/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
балау диплом

І. Білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие.
Бүгінгі күннің талабына сай, егеменді республикамыздың орта білім беретін барлық мектептерінде пәндерді экологияландыру жаппай қолға алынды. Оның негізгі мақсаты «Халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие » мәселесін шешуді ойдағыдай жүзеге асыру. Әрине, бұл өте күрделі мәселе. Өйткені қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның экологиялық жағдайы қоғамымыздың ең маңызды мәселелері болып отыр. Сондықтан орта мектеп мұғалімдерінің экологиялық даярлықтан өтуі әбден қажет. Жасөспірімдерге, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы концепцияның негізгі мақсаттарының бірі де мұғалімдердің экологиялық білімін жетілдіру болып табылады.

Дүние жүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. (1999 ж.) Оның негізгі мақсаты – көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:



  • мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;

  • мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;

  • арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім мен тәрбие беру;

  • жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әртүрлі саласы бойынша);

  • мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;

  • көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.

Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге

қарағанда оның әртүрлі моделі қолданылып келеді. Олар:

Көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарында экологпиялық мәселелердің жеке бөлігі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Бір пәнді үлгі. Мұның ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс жүзінде асырылады. (біз осыны қолдаймыз)

Аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-сынып оқушыларыүшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлік пәндерді қарастырылады. Содан соң ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнай ы сабақ өткізіледі.

Қазіргі уақытқа дейін мектептік химиялық білім үшін экологиялық білім беру мазмұнының мәнісі толық шешілген жоқ. Біз оқушылардың экологиялық дайындығына химия курсының мүмкіндігін айқындау барысында экологиялық білім тұжырымдамаларына, сондай-ақ мектепте білім берудің мүмкіндігіне төмендегілер саяды:



  • табиғаттың біртұтастығын, адам қызметінің қоршгаған ортаға әсерін ашу және табиғатқа ұқыпты қатынастың қажеттілігін қалыптастыру;

  • химиялық үрдістер, айналулар барысында қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау;

  • өнеркәсіптің қоршаған ортаға қатысты ролін көрсету;

  • қоршаған орта тұрғысынан ғылыми-техникалық прогрестің ролін айқындау;

  • қоршаған ортаны қорғау шараларына қолдарынан келгенше қатыса алатындай оқушыларды тәжірибелік білікпен, дағдылармен қаруландыру;

Химияны оқыту барысында экологиялық білімнің жалпы жетекші

бағыттары мен оқу пәні ретіндегі химияға тән жалпылама ұғымдармен жетекші бағыттарды ашып көрсету негізінде экологиялық білім мен мазмұнының мәнін шешуге болады деп есептейміз. Оларға мыналар жатады:



  1. Тіршілік ету ортасындаңғы табиғаттың біртұтастығы мен дамуы.

  2. Қоғамның дамуы мен табиғаты.

  3. Еңбек ету үрдісіндегі табиғаттың өзгеруі.

  4. Қоршаған орта және адам денсаулығы.

5. Табиғат және жеке тұлғаның құқықтық және эстетикалық дамуы.

6. «Табиғат – адам - қоғам» жүйесіндегі өзара ықпалдастық.

Химияны оқыту кезінде жалпы жетекші тдеялар мектептік химия курсына тән жетекші идеяларымен нақтылануы керек.


  1. Қазіргі өндіріс мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау.

  2. Ғылыми-техникалық прогресс, табиғи қоршаған орта.

Қазіргі өндірістің табиғатқа қатысты оң және теріс әсерлері, сондай-ақ

осы мәселеледе орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарынайқындауды экологиядық білімнің қолданбалы қайшылықтарды шешудегі химиялық аспектілерді меңгеруі оларда жағдайды бағалай білу қабілеттіліктерінің қалыптасуына, табиғатта өзін ұстай білуіне, дұрыс шешім нәтижесінде табиғатта туындайтын өзгерістерді болжай білуге мүмкіндік туғызады. [//]

Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсерін

қарастырудың ұстанымдық мәні бар. Экологиялық мәселелерге ғылыми-техникалық прогресс қайшылықты әсер етеді: бір жағынан оларды шиеленістіреді. (қоршаған ортанң ластануы және тағы басқалары), екінші жағынан табиғи қорларды үнемдеуге мүмкіндік беретін және қоршаған ортаны ластамайтын баламалы технологиялар құру жолымен шешуге мүмкіндік береді. Осы ой-табиғаттың өзара әсерін тиімді етудегі жетістіктерді айқындайтын қажетті білім элементтері анықталды. Олар мыналар.



  1. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану.

  2. Қоршаған ортаға өндіріс шығаратын лас қалдықтарды болдырмауға мүмкіндік туғызатын, яғни экологиялық заңдылықтармен жүзеге асырылатын қалдықсыз технологиялық үрдістерді құру.

  3. Табиғи ортаны ластанудан қорғайтын негізгі әдістер мен технологиялық құрылғылар.

Қоғам мне табиғаттың өзара әсер етуін теориялық талдау оқушылардың

экологиялық білідерін әрі қарай жетілдірудегі химия курсының мүмкіндігін ашып көрсетуге алғы шарт болады. Ал ол үшін мыналар қажет:



  • экологиялық білімнің жетекші идеяларының нақтылануы, оқу пәні ретінде химияға тән жеке идеялардың бөлініп көрсетілуі;

  • экологиялық білімнің қажетті бөлшектері ретінде оның негізгі элементерінің химияны оқыту барысында қалыптастыру;

  • қоғамдық матери ал игілігінің көзі ретінде табиғат құндылығының жан-жақты ашып көрсетілуі.

Сонымен бірге жасөспірімдерге экологиялық білім және тәрбие беру

мына ұстанымдарға негіделеді:



  • экологиялық білімді пәнаралық байланыста жүзеге асыру;

  • экологиялық білім қалыптастыруда жүйелік және үздіксіздікті қамтамасыз ету;

  • оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту мақсатындағы ақыл-ой, сезім-ерік және іс-әрекеттің бірлігін, үйлесімділігін тудыру.

  • табиғатты сақтау мен қорғау мәселелерін әлемдік, ұлшттық және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу;

Осы жалпы ұстанымдар тұрғысынан химиялық орта білімді экологияландырудың мынадай негізгі бағыттары анықталды:

  • химиялық негізге сүйене отырып тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігін және өзара әсерін ашып көрсету;

  • жаратылыстану ғылымдарының зертеу нысандары, олардың экологиялық аспектілері арқылы жаратылыстану экологиялық ұғымдарын қалыптастыру;

  • жаратылыстану-экологиялық ұғымдарын элеуметтік және техникалық ұғымдармен ұштастыру;

  • осы үшеуінің негізінде химия-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және дамыту;

  • химиялық экспериментті экологияландыру қоршаған ортаны зерттеудің пәрменді құралы ретінде қаралып, оның қолданылу аясында кеңейту және әдістемелік жағынан негіздеу;

  • экологияның әр саласы ұғымдарын қалытастыру үшін жергілікті экологиялық материалды кеңінен пайдалану. [//]

Осы бағыттар ішіндегі химиялық экспериментті экологияландыру

арқылы экологиялық білім беру бағытын тереңірек дамытуға болады. Зерттеу нысанын жалпы білім беретін мектептегі химия сабағының тақырыптарына сәйкестендіріліп, яғни экологиялық түсініктерді толықтай аша алатындай тақырыптармен таңдап алу керек. Ал қосымша сабақтан тыс сабақтарда бағдарламадан тыс тақырыптарды қамти отырып, химия-экологиялық ұғымдарды жеткіжу мақсаты жүзеге асырылады.

Ауыл мектептеріндегі оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – экологиялық мазмұнды химиялық есептер мен танымдық ойындарды қолдану. Оларды оқу үрдісінде пайдалану теориялық химиялық материалды күнделікті өмірде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есепті шешу кезінде оқушы жауап іздей отырып, химиядан алған білімін өзінің тұратын жерінің проблемалық жағдайын шешуге қолданып, табиғатты қорғауға қатысады. Осыдан (есеп мазмұны өмірге жақын болса) оқушылардың жұмысқа қызығушылығы, іс-әрекетке белсенділігі артады.

Сонымен қатар экологиялық мазмұнды есептерді қолдану тиімділігі оқушыларды бірнеше жыл қатарынан кешенді далалық зерттеулер жүргізе отырыпоқытылатын жаздық ғылыми – геологиялық лагерьлерде байқалады. Мұндай іс-әерекеттерді ұйымдастыру алғашқы жылдары оқушылар ғылыми лагерьдің аумағына геоботаникалық зерттеулер жүргізіп, фаунаны, орта (су, топырақ, тағы басқа) факторларының химиялық құрамын анықтау керек. Содан кейін оларға ----------






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет