«Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті» Экологиялық дағдарыс



Дата08.02.2022
өлшемі9,47 Kb.
#124226
Байланысты:
Осож 4
опорный конспект (1), пстх

«Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті»


Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан пайда болды. Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы).


Экологиялық дағдарыс себептері

Ғаламдық экологиялық дағдарысқа адамның өлшемсіз шаруашылық әрекеті де әкеледі. Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан ортаны сарқу,ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен обьективті және субьективті себептерге бөлуге болады. Обьективті себептерге мыналар жатады: Біріншіден,бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері.Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің құлдырауынан қайта өңдеп, тазалап сонымен өзін оларды зиянкесті әсерінен қорғайды. Екіншіден,бұл жер территориясың бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі.Осының салдарынан пайда қазбаларының-адам пайдаланатын тас көмірдің,мұнайдың және т.б қорлары біртіндеп жұмсалып,одан кейін мүлде түгесіледі. Үшіншіден,бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтығы. Төртіншіден,бұл адамның табиғаттың заңдылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірбие жинақтау үрдісінде тану және пайдалану. Субьективті себептерге жатады: Біріншіден,мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық ұйымдастырушылық әрекеттің жетіспеушілігі. Екіншіден,Экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.




Арал қасіреті

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында екі аумақ — Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны ресми түрде экологиялық апат аумағы болып жарияланып отыр. Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында. Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алатын көл. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінің 53 м биіктікте жатқан.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты




Арал апатына себеп болған факторларға

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;


- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;


- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;


- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;


- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.


Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр.




Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет