Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары.
Бүгінгі таңда жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жаңаша құру және оны өміршең ету
республикамыздың білім беру тұжырымдамасында жан-жақты қарастырылған. Оның үстіне жалпы білім беретін
мектептерді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру қалыптасқан оқу үрдісіне көптеген өзгерістер әкелері сөзсіз. Осы тұрғыда
бастауыш сыныптарда оқушыларды 6 жастан бастап оқыту көзделіп отыр. Сондықтан оның оқу жоспары мен
бағдарламаларын оңтайландыру қажеттігі туары анық. Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні
оқытылады. Бұл пәннің жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруда рөлі зор. Яғни, үздіксіз білім берудің
біртұтастық, жүйелендіріп кіріктіре оқыту ұстамдарының бірізділігін жүзеге асырады. Тағы бір жағдай соңғы жылдары
үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру барысында кейбір бастауыш мектептерде экология курсы енгізіле
бастады. Көптеген мұғалімдер өзінің авторлық бағдарламалары бойынша сабақ жүргізеді. Бастауыш мектепке арналған
экологиялық оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру міндетті тұр.
Бастауыш сынып экологиясы бүгінгі талапқа сай «Дүниетану» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.
Алдына қойған негізгі мақсаттары:
1. Жасөспірімдерге айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
2. Жасөспірімдерге қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.
3. Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік ой-өрісін
дамыту.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1-4 курстар бойынша қамтылған білім
жиынтығы былайша топталған. Мәселен, 1-сыныпта: Қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым-қатынастар, табиғи
ортаның біртұтастығы және бір-бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы
оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.
Екінші сынып бойынша – адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен,
тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатын, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі
туралы ой-өрістер дамытылады.
Үшінші сыныпта – адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс-әрекеттерін көрсету арқылы олардың
табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық
көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.
Төртінші сыныпта оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату,
олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.
Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты
оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату
деңгейіне дейін білімдері дамытылады.
Әрбір курсты аяқтауы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап
түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.
Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар (І-ІV сыныптар).
Достарыңызбен бөлісу: |