Экологияны және биологияны оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата24.01.2022
өлшемі187,38 Kb.
#113967
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Әдебиеттер: 1-4

Тақырып 5. 

Топтанып өмір сүру, Организм мен орта арақатынасы” тақырыптарын оқыту әдістемесі.



Мақсаты:

 Топтанып өмір сүру, Организм мен орта арақатынасы” тақырыптарын оқыту әдістемесі.




Жоспар:

 1. Тақырыптағы сабақтың орны, міндеті мен мақсаты. 

2. Биогеоценоз және құрлықтағы негізгі биомдар туралы ұғымның дамуы. 

3. Оқушылар білімін әр түрлі биогеографиялық аймақтағы флора мен фауна  сипаттамасын құруға арналған жұмысқа

пайдалану.Сабақты жоспарлау. Талдау жасауға арналған сұрақтар және негізгі білім. Көрнекі оқу құралдарын пайдалану

әдістері.

Берілген жағдайда экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:

1)

Оқушы, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;



2)

Табиғи орта;

3)

Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін оқушы мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.



Бастауыш   мектеп   оқушысының   жеке   басының   мінездемесін   анықтауда,   «оқушы   –   табиғи   орта»   жүйесіндегі

біржақты байланысқа назар аударамыз.

«Табиғи орта – оқушы» байланысы немесе табиғи орта оқушыға не береді, табиғатты оқушы қалай пайдаланады.

Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:

а) сауықтыру аспектісі – табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану;

б) рухани аспектісі – табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану;

в) материалдық аспект – саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына азық дайындау және т.б.

Аталған   экологиялық   байланысты   көрсететін   оқушының   жеке   басының   сапаларын   табиғатты   адамның

материалдық   интеллектуалдық   және   физикалық   дамуы,   денсаулығын   сақтау   мен   нығайту   мақсатында   қолдануға

дайындық ретінде сипаттауға болады.

«Оқушы – табиғи орта» байланысы немесе оқушының табиғи ортаға әсері қандай. Оқушының қоршаған ортаға

қатысты іс-әрекеті:

а) нейтралды;

б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған;

в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін.

Қоғамдық  қажеттілік  тұрғысынан  аталған  саладағы  оқушының  жеке  басының  мінездемесін  – табиғи  ортаны

қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады /6/.

Автотранспорттың  санының  артуы,  қала  ортасының  ластануы  мен ауаның  газдануына  әкеледі. Аталған  және

басқа ластану факторлары қоршаған табиғи ортаны бұзып, қоршаған ортаға экологиялық қысым түсіреді.

Мұндай жағдайда дені сау ұрпақ өсіру мүмкін емес.

Оқушылар арсында тыныс алу мүшелерінің ауруы ең жиі кездесетін аурулар түріне жатады (70% астам) әсіресе

ОРЗ,   ангина,   ларингит,   тұмау,   отит,   аллергиялық   аурулар.   Аурулардың   жалпы   санының   20%   астамын   инфекциялық

аурулар құрайды: дәрі-дәрмектерге аллергия, эксудативті диатез және т.б. Ең жиі кездесетіндер ветрянка (инфекциялық

аурулардың 80%). Зәр – жыныс жүйесінің мүшелерінің ауруы 10% құрайды.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеті оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту,

балаларға табиғатты жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Қала жағдайында демалыс бақтарын есептемегенде іс-

жүзінде таза табиғи орта жоқ деуге болады. Сондықтан педагогикалық процессте экологиялық білім мен тәрбие беру

мазмұнын анықтауда балалардың қала сыртына, табиғатқа жорықтары міндетті түрде жоспарлануы тиіс.

Шет елдерде балалардың, ата-аналарымен бірге әр аптада қала сыртына шығып демалуы жолға қойылған. Бұл

табиғаттың күшті сауықтырушы фактор екендігін ескерсек олардың денсаулықтарын нығайтуына мүмкіндік береді.

2. Оқушы арқылы мұғалім табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды

болып   табылады,   себебі   ол   оқушының   табиғатпен   қарым-қатынасының   кәсіптік   аспектісін   көрсетеді.   Өзара   қарым-

қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет