Өзін-өзі тексеру тапсырмасы:
1.
И.В. Вернадский қағидалары, олардың экологиялық ұғымдар даму жүйесінде атқаратын ролі.
2.
Молекулалық-генетикалық деңгейді қарастырудағы экологиялық құбылыстар.
3.
Тірі табиғаттың популяциялық деңгейде ұйымдасуы-экологияның, генетиканың және эволюциялық ілімді
түсіндіру.
Әдебиеттер: 1-4
Тақырып 3.
Экологиялық ұғымның қалыптасуы және дамуы.
Мақсаты: Эмпирикалық және теориялық түсініктер, олардың анықтамалары және сипаттамасы. Нақты және
абстракты ұғым.
Жоспар: 1. Мектеп биология курсындағы экологиялық және эволюциялық ұғымдар.
2.
7-8 кластарда жеке токсондар мен экологиялық жүйені оқытуда экологиялық түсініктердің дамуы мен
нақтылануы.
3.
Абстрактылықтан нақтылыққа дейін принципі бойынша “түр” және “популяция” ұғымдарының қалыптасуы және
дамуы.
4.
Популяциялық құрылымның өңделуі. Органикалық дүниедегі түрлердің әр алуандығын сақтау проблемаларын
шешу және қалыптастыру. “Экосистема” және “биосфера” ұғымдарын қалыптастыру, нақтылау. Экологиялық
ұғымдардың дүние тану деңгейінде қалыптасуы және дамуы.
ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан
жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық
қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.
Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше
жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім
беру туралы» заңдарына (3 бап( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы
жасалды /1, 2, 3/.
Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар –
«Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және
т.б. әзірленді.
Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының
жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.
Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты
пайдалануға іс жүзінде қатысу.
Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:
1)
Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;
2)
Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
3)
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.
Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық
білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға
алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.
Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру
процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен
деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек: отбасы – бала бақша – мектеп – жоғары білім
беру – мамандарды қайта дайындау – халыққа жаппай экологиялық білім беру.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты – экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа
оң эмоционалды – бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті
қалыптастыру болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа
стилін қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбегейлі жаңа
технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде қоғамның интеллектуалды потенциалын арттыру құралы
ретінде қарау қажет /4/.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» отандық білім саласында
соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты
ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында халықтың
денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде – таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың
болашағы болып табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты
өмір сүруді жақтайтын және сау табиғи ортада өмір сүретін жас ұрпаққа үміт артады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті
технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып,
қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда.
Сондықтан, ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы – жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде
қауіпсіз және бақытты өмір сүріп, жержегі барлық тіршілік түрлері үшін жауапты физикалық және адамгершілік
тұрғысынан сау адамды, Республиканың, планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |