Эволюциялық үрдісте экожүйе тіршілікті реттеуші орта. Биогеоценоз және биосфера эволюциясы.
химиялық және экологиялық білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім берудің басым
мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі
ұлғайып отырған көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін қажет етеді. Соған
қарамастан көптеген бақылаулар мен зерттеулердің көрсеткеніндей, оқушылардың пәнге деген, әсіресе химияны оқуға
деген қызығушылығы төмендеп отыр. Оқушылардың химиялық білім деңгейін көтерудің мүмкін жолдарының бірі химия
Білім беруді экологияландыру мәселелері В.М.Назаренко, Д.П.Ерыгина, Г.В.Мисичкина, Л.А.Коробейников,
Г.М.Чернобельская, Н.Е.Кузнецова т.б. жұмыстарында қарастырылған. Олар мектеп химия курсының негізгі бөлімдері
бойынша экологиялық білім беруді қалыптастыруға мүмкін болатын бөлімдерді көрсеткен болатын. Қоршаған орта,
ондағы адамның қызметі нәтижесінде жүретін процестер мен өзгерістер туралы нақты түсініктерді түсіну оқушылардың
химиялық білімдерінсіз мүмкін емес. Бұл жұмыстарда экологиялық білім беруді тиімді етудің түрлі әдістері мен
Қазақстан Республикасында экологиялық білім беру мен тәрбие берудің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі
Республикасының білім беру орындарында үздіксіз экологиялық білім берудің принциптері, мазмұны мен құрылымын,
оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарын анықтайтын экологиялық білім беру концепциясы жасалынды. Орта
мектепте және жоғарғы оқу орындарында биология пәнін оқыту кезінде экологиялық білім берудің теориялық және
әдіснамалық негіздерін жасауда Қазақстандық ғалымдар айтуға болады. Орта мектепте оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беру күрделі педагогикалық процесс. Сондықтан оқу процессі кезінде белгілі бір пәннің бағдарламасы сол
талаптарды ескере отырып, қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі
экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында «мектеп пәндерін экологияландыру дегеніміз – дәстүрлі пендерді
оқыту барысында тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық меліметтерді кірістіру» - деп көрсеткен.
Мектеп биология курсында оқушылардың биологиялық білімді меңгеруге экологиялық компоненттердің әсерін зерттеу
және биологиялық және экологиялық білімдерді бүтіндей біртұтас жүйе ретінде қарастыру проблемасы маңызды да,
өзекті болып табылады.
Оқыту кезінде оқуға ынталандыру мәні зор. Әсіресе оқушылардың өзінің ішкі мотивациясы маңызды, ол олардың пәнге
деген қызығушылығының дамуына әсер етеді. Оқыту процесі мен оқытылатын курс мазмұны оқушыларда қызығушылық
тудырып, әлеуметтік және жеке мәні болуы қажет. Бұған жету үшін химиялық және экологиялық білімдерді біртұтас жүйе
ретінде қарастыру арқылы, дәрістік және семинар сабақтарында проблемалық әдіс пайдалану, лабораториялық жұмыстар
орындау кезінде кезеңдердің реттілік тәртібімен жүргізу және есептерді шешкенде олардың экологиялық жақтарын
талдаудан бастап барып шешу қажет. Жоғары оқу орындарында экологиялық бейінді мамандар даярлау, оның негізгі
мәселерін шешу жолдарын көрсету, химиялық пәндерді экологияландырған аспектіде оқытудың әдістемелік тұрғыдан
зерделеу, студенттерге экологиялық тәрбие беру жолдары мен ұйымдастыру әдістері көптеген ғылыми еңбектерге түрткі
болған. Атап айтқанда, А.Т.Сармурзина химиялық экологиядан бірқатар оқу құралдарын, Т.К.Длимбетова химия
ғылымын экологияландыру үрдісінің теориялық–әдістемелік негіздерін, радиоэкологиялық білімдердің дидактикалық
жүйесін жасады. Ш.Ш.Хамзина, Қ.О.Шайхисламова, К.Б.Тлебаева болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім
беруге даярлау мәселелерімен айналысқан.
Экологиялық мазмұндағы есептер мен лабораториялық жұмыстарды пайдалану әдістемесі жаңа білімдерді қалыптастыру
сабақтарында алынған оқушылардың экологиялық білімдерінің одан әрі өзектілігін арттыруға мотивациясын жасауға
бағыталған.
Экологиялық мазмұндағы есептерді шешу есептің экологиялық жақтарын алдын-ала талдаудан, онда көтерілген
экологиялық проблеманың мәнін ашудан бастау қажет. Шешуі мен алынған жауабында түсіндіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: